ҚТЖ-да Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарында ТЖ жағдайында Пойыздар қозғалысын үйлестіру бойынша жедел штаб құрылды

Жолаушылар тасымалы
15.12.2023, 06:20
Оқуға 2 мин

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандары аумағында қатты жел мен аяздың салдарынан жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. 13 желтоқсаннан бастап өңірде желдің 50 м/сек дейін күшеюі, боран, іс жүзінде нөлдік көріну, ауа температурасының күрт төмендеуі байқалды.

ҚТЖ-да ТЖ жағдайында Пойыздар қозғалысын үйлестіру бойынша барлық қатысы бар қызметтердің қатысуымен жедел штаб құрылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты және өңірдің теміржол учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пойыздардың қозғалыс жылдамдығына шектеу қою туралы шешім қабылданды. Осы бағытта жүретін жүк пойыздары уақытша тоқтатылды. Жолаушылар пойыздарын өткізуге басымдық беріледі. Жолаушылар пойыздарының қозғалысында қиындықтар бар. Өз күшімен темір жолдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде, 150-ден астам адам жұмылдырылды.

Ауа - райының қолайсыздығы сыртқы электрмен жабдықтаудың ажыратылуына түрткі болды, бұл №41/42 Алматы-2 – Атырау Тальго жолаушылар пойызының электр энергиясын берудегі іркіліске әкеп соқтырды, соның салдарынан электровоз тез арада тепловозға ауыстырылды. 

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға тамақ ұйымдастырды.

Айта кетейік, 13-14 желтоқсанда Боранды станциясынан Шымкент және Түлкібас станцияларына дейінгі жолаушылар пойыздары ауа райының қолайсыздығынан автожолда тұрып қалған 300 астам адамды эвакуациялады. Мәселен, Шымкентке 240 жолаушы №33 «Алматы — Ақтөбе» және №77 «Алматы–Маңғыстау» пойыздарымен жеткізілді. Тағы 108 жолаушы №55 «Көкшетау — Қызылорда» пойызымен тасымалданды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ауа райы жағдайлары жақсарғанға дейін пойыздар қозғалысының ықтимал кідірістері мен кестесіндегі өзгерістер туралы хабарлайды.

Жолаушылар «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты арқылы жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылғаны туралы ақпарат ала алады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды