ҚТЖ жазда 4,2 млн-нан астам жолаушыны тасымалдамақ

Жолаушылар тасымалы / Апта саны
16.05.2024, 14:40
Оқуға 2 мин

Алматы қаласында Алакөл көлі бағытындағы жазғы тасымалдарды ұйымдастыру бойынша ҚТЖ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы, туристік операторлар және демалыс базалары иелерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сондай-ақ, отырысқа «Атамекен» ҰКП, Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитетінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері шақырылды.  

2024 жылдың жаз айларында ҚТЖ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда курорттық аймақтарға жолаушылар тасымалын ұлғайтуды және 4,2 млн-нан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр.

Алакөл көлінің бағытында пойыздар Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 12 бағыт бойынша қатынайтын болады. Сондай-ақ, биыл алғаш рет бұл бағытта Қызылордадан пойыз жүреді. Он бағыт бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздары, ал екі бағыт бойынша - жеке тасымалдаушылар құрамы жүретін болады. Ұлттық тасымалдаушының пойыздарының құрамы толығымен ауаны баптау жүйесімен жабдықталған вагондардан құралады.

«Теміржол көлігі еліміздің туризм саласын дамытуда шешуші рөль атқарады. Біз жыл сайын Алакөл курорттық аймағына жолаушылардың тасымалдауға деген сұранысы артқанын байқаймыз. Сондықтан осы жазғы маусымға Алакөл көліне дейінгі пойыздардағы орындардың санын арттыру мақсатында, өткен жылмен салыстырғанда 16 мыңға, яғни 270 мың орынға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдадық», - деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма Төрағасы Жәнібек Тайжанов.

Алакөл бағытындағы пойыздар туристер үшін танымал Жалаңашкөл, Ақши және Бескөл станцияларында тоқтайды. Онда жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалған: перрондар ұлғайтылды, күту залдары мен кассалар жөнделді. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін станцияларда кассирлердің ауысымдық жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, билеттерді bilet.railways.kz сайттында комиссиясыз сатып алуға болады. Ал билеттер болмаған жағдайда жолаушы «Күту парағы» қызметін пайдалана отырып, пойызда бос орынға билет сатып алу үшін кезекке тұра алады. Бұл қызмет bilet.railways.kz сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында ақысыз негізде қол жетімді.  

Қазіргі уақытта Ұлттық тасымалдаушы жылжымалы құрамды жазғы тасымалдауға белсенді дайындауда. Желдету және ауаны баптау жүйелерін қайта консервациялау, ауа сүзгілерін ауыстыру, сумен жабдықтау жүйесін тазарту және дезинфекциялау, вагондардың электр жабдықтарын тексеру, тамбурларды, титандарды, жылыту жүйелерінің құбырларын және басқа да бөлшектерді сырлау, сондай-ақ, вагондардың шанақтарын сыртқы жуу бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

Кеңесте Павлодар, Шымкент және Қызылорда қалаларынан Алакөл көліне дейін біржолғы пойыздарды ұйымдастыру, туроператорлардың билеттерді жөнелтуге дейін 180 тәуліктен бастап броньдау жұмыстарын жүргізу, интермодальдық тасымалдарды дамыту бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ туроператорлармен тұрақты негізде кеңестер өткізеді. Биыл бұндай кездесу екінші рет ұйымдастырылды.  

 

Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр