Бурабай бағытындағы пойыздарда жолаушылар саны үш жыл ішінде 10 есе өсті

Жолаушылар тасымалы
14.06.2024, 15:42
Оқуға 1 мин

Биыл Курорт-Бурабай бағытында пойыздарда 125 мың жолаушы тасымалдау жоспарлануда, бұл  соңғы үш жылда көрсеткіш шыңына жеткелі тұр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Өткен жылы тасымалданған жолаушылар саны 86,2 мыңнан астам жолаушыны құрады. Салыстыру үшін, үш жыл бұрын (2020 жылы) 10 мың жолаушы тасымалданды. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Бурабайға қарай 14 бағдар бойынша пойыздар жүреді.  

Биыл Ұлттық тасымалдаушы "Астана-Бурабай курорты" бағдары бойынша жүрдек электр пойызының жүру уақытын қысқартты. Алдыңғы 4 сағаттың орнына жолаушылар жолда 2,5 сағат болады. Электр пойызы аптасына бес рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі жүреді. Сондай-ақ, күн сайын Бурабайға қарай №6829/6830 "Астана - Көкшетау" электр пойызы қатынайды.

№6829/6830 "Астана - Көкшетау", Nº7553/7556 "Қарағанды - Астана -Бурабай курорты", №6811/6812 "Қарағанды - Астана - Бурабай курорты" электр пойыздары Астана-1 станциясы вокзалынан, Nº7507/7508 "Астана - Көкшетау" электр пойызы Нұрлы Жол вокзалынан қатынайтын болады.  

Билеттер құны 2271 теңгеден 2943 теңге аралығында. Билеттерді  10-нан 1 күн қалғанға дейін bilet.railways.kz сайтынан және теміржол вокзалдарындағы "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларынан сатып алуға болады.  

Естеріңізге сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы туризмді дамыту бойынша кеңес өткізді. Президент "Бурабай" курорты аумағында орналасқан жаңа туристік аймақтарды дамытуды тапсырды.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды