Астана, Алматы және Шымкент қалалары арасында қосымша Taльго пойыздары қатынайды

Жолаушылар тасымалы
06.11.2024, 09:17
Оқуға 1 мин

Осы жылдың желтоқсан айынан бастап жолаушылар арасында сұранысы жоғары бағыттар бойынша №101/102 «Астана-Алматы» және №111/112 «Астана-Шымкент» қосымша Тальго пойыздары қатынайды. Бұл бағыттар пойыздардың «пакеттік» қозғалыс кестесі аясында ұйымдастырылған.

Қосымша пойыздарға билеттерді жөнелтуге 45 күн қалғанда bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзалдардағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ  кассаларынан сатып алуға болады. Өткен жылы «пакеттік» кесте негізінде Астана-Шу-Астана учаскесі бойынша 4 пойыз іске қосылған болатын.  

Бұл әдіс рейстердің тиімділігін едәуір арттырып, жолаушыларға қызмет көрсетудің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Пойыздардың «пакеттік» қозғалыс кестесі «DB E&C» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Интермодальды тасымалдар – ХАБ жүйесі» жобасы шеңберінде енгізілуде.

«Біз «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірлесіп, маршруттық желіні оңтайландыруға арналған инновациялық шешімдер әзірлеудеміз. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартып, Қазақстанның ірі қалалары арасындағы қозғалыс жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті, «DB E&C» компаниясының интермодальды тасымалдар бойынша бас директоры Николайс Сидоровс.

Сондай-ақ, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау қағидаттарын ескере отырып, ХАБ орталықтарындағы қала маңы және аралас көлік түрлерінің дамуы аясында жаңа теміржол маршруттық желісін құру мүмкіндігі қарастырылады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды