«Jibek Joly 2.0» туристік пойызы сапарға шығады

Жолаушылар тасымалы
11.12.2024, 09:30
Оқуға 2 мин

Ұлттық тасымалдаушы «Jibek Joly 2.0» туристік пойызын «Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Шымкент-Алматы» бағыты бойынша іске қосатынын мәлімдеді. Турдың ұзақтығы – 5 күн, 2025 жылдың 2-7 қаңтар аралығында өтеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Туристік пойыз отандық өндірістің жаңа вагондарынан құралады. Вагондардың ішкі дизайны ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. Вагон-мейрамханаларда жолаушыларға түрлі ұлттық және еуропалық тағамдар ұсынылады.

Түркістан қаласында жолаушылар бір күн бойы тарихи орындарды аралайды. Экскурсия бағдарламасына Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, Отырар музейі және басқа да маңызды мәдени мұралар кіреді. Ташкентте туристер Хазрати-Имам тарихи кешені, Барақ хан медресесі, Әбу Бәкір Каффали Шаши кесенесі және Төле би ескерткішін көріп, заманауи «Magic City» саябағы мен өзге де көрнекті орындарды тамашалайды.

Самарқандтағы бағдарлама аясында жолаушылар Шахи-Зинда кешені, Гур-Эмир кесенесі және атақты Регистан алаңын аралап, ондағы Шер-Дор, Тилля-Кари және Улугбек медреселерін көреді. Сонымен қатар, саяхат барысында жолаушылар Шымкент қаласының басты көрнекі орындарын тамашалап, өңірдің бай тарихи және мәдени мұрасымен танысады.

Туристік пакет құнына жайлы туристік пойызда сапарлау, кәсіби гидтердің жетекшілігімен өтетін экскурсиялар, көрікті жерлерге кіру билеттері мен трансфер қызметтері кіреді.

Бұл тур ҚТЖ-ның бастамасымен және Қазақстан Республикасы Туризм комитеті, Көлік министрлігі, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдіктерінің қолдауымен, сондай-ақ, «Қазақстан Туризм Индустриясы» Республикалық қауымдастығының тікелей қатысуымен ұйымдастырылды.

Турпакеттерді туристік агенттіктерден сатып алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін келесі WhatsApp нөмірлеріне хабарласыңыз: +7 (701) 204-34-39, +7 (775) 942-94-95.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды