ҚТЖ пойызында спутниктік интернет қосылды

Қазақстанда жолаушыларға ғаламтор қолжетімділігін ұсынған алғашқы пилоттық жоба аясында №3/4 «Астана-Алматы» пойызы елордадан жолға шықты. Аталған бағыттағы сапар 17 сағатқа созылады. Алғашқы сапарда 500 жолаушы ғаламторға қосылу мүмкіндігін қолданды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жолаушылар жаңа қызмет арқылы WhatsApp-та бейнеқоңырау жасап, YouTube-тан бейнероликтер көріп және басқа да танымал ғаламтор-сервистерді пайдаланды. Алайда, торренттер мен ағынды жүктеу сайттарына кіруге шектеу қойылғанын ескерген жөн. Жолаушылардың айтуынша, ұзақ сапарларда ғаламтордың қолжетімділігі жол жүруді әлдеқайда қолайлы әрі қызықты етеді.

Пойыздағы ғаламтор заманауи спутниктік технологиялар арқылы іске қосылған. Локомотивке орнатылған спутниктік құрылғы бір пойыз қүрамында тұрақты және жоғары жылдамдықты ғаламторға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

«Пойыздарда ғаламторды енгізу – жолаушылар тасымалын дамыту жолындағы маңызды қадам. Біз саяхаттарды заманауи талаптарға сай ұйымдастырып, ақпарат пен байланысқа қолжетімділікті толық қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асырудамыз. Бұл жоба жолаушыларға байланыста қалып, әрі жұмыс істеп, әрі демалуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта біз осы қызметті кеңейтіп, алдымен «Тальго» пойыздарының барлық 15 бағытына ғаламтор енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

Жобаны жүзеге асыру Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Көлік министрлігі, сондай-ақ, «Jusan Mobile» телекоммуникациялық компаниясы мен Қазақстандағы Eutelsat-OneWeb ресми дистрибьюторының бірлескен жұмысының нәтижесінде мүмкін болды.

«ҚТЖ пойызында төмен орбиталық Eutelsat-OneWeb спутниктік технологиясын қолдану арқылы пилоттық жобаның іске қосылуы – көлікті цифрландыру бағытындағы маңызды қадам. Әріптестерімізбен атқарылған жұмыстың нәтижесінде күрделі жағдайларда да жолаушыларға тұрақты және жоғары жылдамдықты (50–100 Мб/с) ғаламтор ұсыну мүмкін болды. Бұл жетістік еліміздің цифрлық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, қазақстандықтардың сапарларын бұрынғыдан да қолайлы етеді» – деп атап өтті, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.

Жоба аясында билеттерді тексеруге арналған мобильді терминалдар, пойыз басшылары үшін бейнерегистраторлар және бейнебақылау жүйелері орнатылды. Барлық жазбалар автоматты түрде бұлтты деректер қоймасында сақталып, бақылау мен қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ғаламтордың енгізілуі мейрамхана вагонындағы төлем жүйесіне өзгеріс әкелді – енді жолаушылар тапсырыстарын жол барысында POS-терминалдар арқылы төлей алады.

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі