Ұлттық тасымалдаушы ауа-райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдардан 300-ден астам жолаушыны пойыздармен тасымалдады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Ауа-райының күрт бұзылуы елдің бірқатар аймақтарында автомобиль жолдарының ішінара жабылуына әкелді. Бұл жағдайда "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздары 300-ден астам жолаушыны Ерейментау, Бурабай, Ақкөл, Шортанды станцияларынан жедел тасымалдауды қамтамасыз ете отырып, көліктің жалғыз қауіпсіз және сенімді түріне айналды.
Жалпы, Ұлттық тасымалдаушы пойыздарда 700-ден астам қосымша орын ұйымдастырды.
Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қолайсыз ауа-райы жағдайында сақтық шараларын сақтауға және мүмкіндігінше қажетсіз сапарлардан бас тартуға шақырады.