Қаражыра көміріне сұраныс жоғары 

Жолаушылар тасымалы
24.11.2017, 15:48
Оқуға 2 мин
Көмір тасымалын жүзеге асыруда салмақ бірінші кезекте теміржол саласына түседі. Бұл ретте семейлік теміржолшылар бұрын-соңды орын алмаған деңгейдегі көрсеткіштерге қол жеткізді.  Атап айтсақ, 2017-2018 жылыту маусымына орай қатты отын тасымалы жөнінде арнайы жоспарлы шаралар қабылданған еді. Тіпті, ағымдағы жылдың мамырынан қарашаға дейінгі аралықтағы 6 ай ішінде сұранысты толық қанағаттандыру үшін максималды көлемдегі жұмыс режиміне көшкен болатын. Жергілікті Қаражыра көмір кеніші тек еліміздің шеткі нүктелеріне ғана емес, таяу шет елдерге де қатты отын жөнелтеді. Басты әріптес «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен арадағы келісім аясында қысқы отын тасымалы жыл санап артып келеді. Қаражыра көміріне сұраныс та жоғары болып отыр.   Айталық, соңғы 6 ай ішінде 22 336 вагонға  көмір тиеп жөнелтілген, бұл дегеніміз  1 млн 556,3 тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 117,9 пайызға жоғары екен. Тасымал көлемінің бұлайша ұлғаюына бір есептен тапсырыс берушілер қатарының артуы да себеп. Сондай-ақ, байырғы клиенттер Защита мен Жаңа-Өскемен, «РК-1» сынды бірқатар алпауыт жылу электр орталықтарының сұранысы да еселеп артқан. Сол тәрізді жеке тұрғындарға көмір саудалаумен айналысатын «Жігер СТ», «ВЭУС», «Өскемен-көмір» жеке серіктестіктері де үстеме тапсырыс беріп, тұрақты тұтынушыға айналған. Көмір тиеп жөнелту ісі маусымға және сұраныс санының артуына орай қазіргі күні де қызу қарқынмен жүргізілуде. Жүк айналымы мен логистикаға жауапты бөлімше мамандарының айтуынша, қараша айының небары 15 күні ішінде бір ғана ел Шығысы үшін 166,1 тонна көмір тиелген. Ал, жоспар бойынша жылдың соңына дейін бұл деректер бірнеше есеге өсуі тиіс. «Осынау көрсеткіштердің барлығы бөлімше бойынша жүк тасымалы көлемін әлі де арттыра түсуге толық мүмкіндік бар екендігін дәлелдейді» дейді сала мамандары.    Қазіргі күндері Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімі мамандары көмір тиеу, жеткізу бағытындағы шаралардың тиімділігін әлі де пысықтау үстінде. Жоспарлы шараларды жыл аяғына дейін толықтай орындау қажет. Оның бір себебі, өңір бойынша жеке сектордағы тұрғындар арасында қысқы отынға деген сұраныс әлі де толастамай отыр.

Қуаныш Қожаев, Семей  

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды