Тиелімде жоғары көрсеткіш
Семей ЖТ қарасты Аягөз станциясының теміржолшылары ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанын тамаша табыспен қорытындыламақ. Өйткені, қозғалыс және еңбек қауіпсіздігін сақтаудағы жетістік өз алдына, тасымал көлемі, вагондар айналымы, жүк тиеу-түсіру де жылдағы есепті мерзімнен анағұрлым жоғары.
Аягөз станциясының басшысы Қуаныш Әміреновтің айтуынша, осылайша көктемгі су тасқынымен күресе жүріп, еңбек майданында да жетістіктерге жетіп жатқан станциялықтар бірінші кезекте ұлттық компания басшылығы алға қойған басымдықтарға назар аударады. Атап айтсақ, өндірістегі үнемділік, эксплуатациялық жұмыстар, жүк тасымалын арттыру және жеделдету сынды мәселелерге ерекше ден қойылған. Оның ішінде әсіресе жүк тиеу ісінде жетістік мол. Мәселен, өткен жылы тұп-тура мың вагонға жүк тиеліпті. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 300 вагонға жоғары. Осы ретте құрылыс материалдарын өндіретін «АлинаХолдинг» сынды басты әріптестің үлесі жоғары. Аталмыш алпауыт мекеменің бір өзі өткен жылы 500 вагонға тапсырыс беріпті. Ал, биылғы жылы бұл көрсеткіш тағы еселене түспек, себебі ағымдағы жылы мың вагонға тапсырыс беруге ниетті.
Бұдан өзге жылдағыға қарағанда металл сынықтары мен тыңайтқыштар, құрылыс материалдарын, жергілікті өнеркәсіп өнімдерін тиеу-түсіру ісі де жоғарылап келеді.
– Жазғы мерзімде жүк тиеу ісі аңағұрлым жоғарылай түседі. Тораптық станция болғандықтан жұмысымыз әрдайым қауырт. Оның үстіне биыл 10 шақырым аумаққа күрделі жөндеу жүргізілмек. Даярлық шараларын қазіргі күннен бастап пысықтаудамыз. Себебі, станция басына мол көлемде құрылыс материалдарымен жол техникалары келеді, – дейді Аягөз станциясының бастығы Қуаныш Әміренов.
Биылғы жылғы тағы бір жаңалық - Аягөздің өз басынан темір-бетонды өнімдер шығаратын алып зауыттың ашылу салтанаты күтілуде. Ол үшін тағы бір қосымша кірме жол салынбақ.
Станция бойынша экономикалық тиімділікті еселеуде батыл қадамдар жасалыныпты. Бұл ретте дұрыс ойластырудың нәтижесінде болар, қазіргі нарықтық ахуал теміржолшылар жағында. Бір ғана мысал, экономикалық тиімділіктің еселенуіне жаңадан ашылған ірі өндіріс ошақтарын теміржол қызметін пайдалануға тарту және жүк тасымалдауды автокөліктен теміржолға көшіру шаралары оң ықпалын тигізген. Бұл ретте іргелі кәсіпорындармен, атқарушы билікпен бірлесе жұмыс жүргізілуде. Айта кетерлігі сол, іскерлік әріптестік аясында жаңа көкжиектер әлі де ашылуда.
Жалпы, Орта Азия мен Ресейдің Сібір бөлігін жалғайтындықтан әрі Қытайдың Отанымызбен алыс-берісі мол Шыңжаң өлкесімен халықаралық автокөлік қатынасы түйісетін Аягөз шаһарының логистикалық маңыздылығы күн өткен сайын арта түсуде. Бұл әлбетте өз кезегінде теміржол саласына экономикалық тұрғыдан оң ықпалын тигізуде.
Аягөз – бірінші класты станция. Бүгінде штаттық кесте бойынша 54 теміржолшы еңбек етуде. Маусымдық жағдайда тәулігіне 20 шақты жұп жүк пойызы, онға таяу жолаушы пойызы өтетін тораптық станциядағы жұмыстар бүгінде қауырт. Ал осынау іркіліссіз жүріп жатқан үдерісте негізінен жастар еңбек етеді екен. Себебі, Аягөз станциясындағы теміржолшылардың 80 пайызын жаңа буын өкілдері құрайды. Осынау жетістіктердің барлығында да жаңашылдықтың, жаңа толқынның лебі сезілетіні сондықтан болса керек.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Аягөз
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды