Тәуелсіздікпен құрдас шымкенттік жас маман жол және құрылыс саласын дамытуға үлес қосуды көздейді

ҚТЖ келбеті
30.11.2021, 12:44
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Отыз жыл ішінде ғасыр жүгін көтеретін ұлы өзгерістер болды. Еліміз Тәуелсіздік алды. Сол жылы дүниеге келген сәбилер бүгінде орда бұзар отызға келіп, ат жалын тартып мінген азамат болды. Еліміздің барлық саласында еселі еңбек етіп жүрген жас буын қатарында теміржолшы Нұрсұлтан да бар. Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің №4 өндірістік учаскесінің бастығы Нұрсұлтан Дүйсебаев еңбек жолын 2015 жылы Шымкент жол дистанциясында жол монтері болып бастаған. Мамандығын жанындай сүйетін ол бұл салаға келгеніне өкінбейді. «Қазақстан теміржолына, жол және құрылыс саласын дамытуға өз үлесімді қосқым келеді» дейді. Осы салада жоғары оқу орнын үздік дипломмен тәмамдаған жастың көздеген мақсатына жетері күмән тудырмайды.

«Жолдың тура әрі тегіс жатуын формулалармен есептеп, сызып жасаған өте қызықты. Сызбалармен жұмыс істегенде басқа дүниені ұмытамын. Егер жолдың жатысы дұрыс болмаса және дұрыс есептелмесе, апатты жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан жұмыс орнында сақтық шарасы өте мықты болуы қажет» деп санайды ол.

Нұрсұлтаннан «Тәуелсіз деген ұғым сен үшін не?» деп сұрадық. Ол «Еліміздің егемендігі, бейбіт аспан астында емін-еркін жүріп, ешкімге жалтақтамай өмір сүруіміз» деп жауап берді. Расында, азат елдің баласы осылайша азат ойласа керек. Аға буын әңгімесін әдетте: «Біз кешегі одақтың құрамында болдық, өз алды- мызға дербес ел емес едік...» деп бастар еді... Нұрсұлтан теміржол саласында еңбек жолын бастаған бес-алты жылда 2-ші санатты, кейін 1-ші санатты инженер-технолог, дефектограмды талдау бөлімінің бас маманы, өндіріс бойынша менеджер, Қазығұрт станциясында жол шебері сатыларынан өтіп ысылып, тәп- тәуір тәжірибе жинақтап үлгерген. 2018 жылы «Үздік маман» атанды. Әр маманның өзіне ұнайтын, мотивация беретін тәлімгері болады. Ол Шымкент жол дистанциясының бұрынғы басшысы Нұржан Алиевты өзіне үлгі тұтатынын жеткізді. Жас маман теміржолға өзгерістер қажеттігін айтады.

«Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Осы жылдар ішінде еліміз айтарлықтай дамып келеді. Теміржолда да өзгерістер мен жаңалықтар баршылық, дегенмен жол шаруашылығы кешенді жаңғыруды қажет етеді, тек жол табанын жаңарту емес, жол жөндейтін және жұмыс істеуге арналған құрал-саймандар механикалық тұрғыдан жаңаруы қажет деп ойлаймын» деді пікірімен бөлісіп. Есімі Елбасының құрметіне қойылған Нұрсұлтан ата-анасының бұл шешіміне риза. «Тәуелсіздік алған жылы дүниеге келдім, есімім де Елбасымен аттас. Осы атқа лайық болмасыма хақым жоқ» дейді күліп.

Жастардың өн бойында оң ниетті амбиция болуымен қатар Тәуелсіздікті тереңінен ұғынғаны жақсы қасиет. Нұрсұлтан үшін басты мақсат – күн сайын жұмысқа құр келіп-кету емес, жолдың жағдайын, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысу, өндіріске жаңалық енгізу. Бос уақыты бола бермейді. Қолы қалт етсе мамандығына қатысты кәсіби кітаптарды оқып, білімін шыңдағанды қалайды. Болашақта техника бөліміне ауысып, жол шаруашылығын сауықтыруға үлес қосқысы келеді.

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті