Тәуелсіздік алған жылы Сыр елінде туған жас маман түрлі байқауларда алдыңғы шептен көрініп жүр

ҚТЖ келбеті
15.12.2021, 10:32
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Айдана – қызылордалық жас теміржолшылардың көшбасшысы. Тұла бойынан жігер мен батылдық, ақыл мен парасат, өмірге деген құштарлық, адамгершілік пен қарапайымдылық есіп тұратын қыз қашан да айналасына жастарды үйіріп, түрлі бастамаларға мұрындық болып жүреді.

Бүгінде Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің персоналды басқару бөлімін басқаратын тәуелсіздік құрдасы Айдана Нұрмашқызы сонау студент кезінде, 2010 жылы компания президентінің «Магистраль» бағдарламасы бойынша атаулы стипендиясының иегері болды.

– Болашаққа нық қадам жасауға бағыт пен бағдар, мотивация берген өзімнің сүйікті компаниямның алғашқы стипендианты болғанымды әркез мақтанышпен айтып жүремін. Б.Момышұлы атамыздың «мүмкіндігіңнен мақсатың жоғары болсын» деген ұстанымымен жүретін маған бұл атаулы стипендия үлкен жігер мен сенімділік сыйлады. Сол жылдары «Теміржолшылардың әлеуметтік жағдайы» атты тақырыппен республикалық ғылыми жобаға қатысып, жетістіктерге жеттім. 2013 жылы туған жерім Сыр еліне қызыл дипломмен оралып, осы салада қызметімді бастадым, – дейді Айдана.

Компанияның жастарды қолдау саясатына араласатын Айдана жыл сайын жас теміржолшылар арасында ұйымдастырылатын байқаулардан жүлдесіз қалған емес. Мәселен, 2017 жылы «Жас кәсіби маман» байқауында 3-дәрежелі дипломмен, 2019 жылы «Жастар жылына» орай «100 жас есім» төсбелгісімен марапатталды. Компаниядағы кадрлық және әлеуметтік саясаттың дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік маман» атанды.

– Биыл Компания маған тағы бір үлкен мүмкіндік берді, «HR сертификаттау орталығының» ұйымдастыруымен өткен 3 айлық HR мамандарын квалификациялау курсына қатыстым. Маған 3 жылға «HR профессионал» дәрежесі берілді. Ондағы алған білім мен тәжірибемді жұмыс барысында пайдаланып, жаңа жетістіктерге жететініме сенімдімін, ол өз қолымызда, – дейді кейіпкеріміз.
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды