Жарасымды жанұя бақыты

ҚТЖ келбеті
04.03.2022, 18:42
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Тартоғай станциясында теміржолшылар отбасында өмірге келген Гүлшат жастай осы саланың қыр-сырын зердеге түйіп өсті. Әке-шешесінің жол бойындағы тынымсыз тіршілігі ерте есейтіп қана қоймай, болашақ мамандығын осы саладан таңдауына да әсерін тигізгені анық.

Әкесі Расул Әміржанұлы мен анасы Сәбира Тұрсынбайқызы – жол бойындағы шағын бекетте зейнетке шыққанша еңбек еткен қарапайым теміржолшылар барлық балаларын еңбекке баулып өсірді.

Ата-ана кәсібін әулетте бірнеше бала жалғады. Жылдар өтіп, Гүлшат Нұрлыбек Дәужігітов есімді теміржолшы жігітке тұрмысқа шығып, енесі Баян Нұрабаева да осы саланың майталманы боларын ол кезде ешкім білмеді, әрине...

Гүлшат мектепті бітірген соң теміржол колледжін бітіріп, Бақтысай бекетіне станция кезекшісі болып орналасып, еңбек жолын бастайды. Жұмыстан қол үзбей, Алматы көлік академиясын сырт- тай оқып, жоғары білім алды. Тұрмыс құрып, бірінен соң бірі өмірге бес бала келді. Жолдасы Нұрлыбек екеуі біріне бірі қолдау жасап, қатардан қалмай еңбек етулеріне енесінің ықпалы зор болғанын Гүлшат жасырмайды. Өзі де теміржолшы болған соң баласы мен келініне әрі ұстаз, әрі қамқор ана, отбасының ұйытқысы бола білген Баян Нұрабаева олардың саланың нағыз маманы болып қалыптасуы үшін зейнетке шыққан соң немерелерінің күтімі мен тәрбиесін өз қолына алды. Ерлі-зайыптылардың алаңсыз жұмыс жасауына жағдай жасады.

– Қараиірім бекетіне кезекші болып жұмыс ауыстырғаныма 4 жыл болды. Бұған дейін Бақтысай бекетінде еңбек еттім. Жұмыс оңай емес, жауапкершілік қашан да жоғары. «Қиналдың ба» дейсіз бе? Жоқ, алдымен ата-анам ұстазым болса, сосын енем жанымнан табылып, сала жұмысына бейімделіп, қалыптасуыма көмектесті. Кешегі алғыс айту күні мен осы кісілерге деген алғысымның шексіз екенін жеткізген болар едім, – дейді шағын бекеттің кезекшісі Гүлшат Бердиярова.

Әйел – қашан да шаңырақтың ұйытқысы. Ене мен келін жарасқан жарасымды жанұяның бақыты – желкілдеп өсіп келе жатқан балалар.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды