Адалдық – өмірлік ұстанымы

ҚТЖ келбеті
03.08.2022, 10:21
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздегі ірі тораптық станция – Павлодарда жиырма жыл станциялық диспетчер болып жұмыс істейтін Эрик Сүлейменовті әріптестері өте талапшыл, сауатты, білікті ұйымдастырушы деп біледі. Кейіпкеріміздің жалпы темір жол саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асып жығылады. 

Эрик Кәрімұлы Павлодардағы №6 СПТУ оқу орнын бітіріп, теміржол саласындағы еңбек жолын Тың темір жолына қарасты Павлодар-Оңтүстік станциясында пойыз құрастырушының көмекшісі болып бастаған. Екі жылдан соң пойыз құрастырушы болды. Бұдан кейінгі жылдары тәжірибе жинақтап, электрлік орталықтандыру қосынының кезекшісі, станция кезекшісі жұмыстарын атқарды.  2002 жылдың 1-ші наурызынан бастап станциялық диспетчер қызметіне тағайындалып, күні бүгінге дейін еңбек етіп келеді.  

Станциялық диспетчер ретінде тәжірибесі мол маман жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында күрделі өндірістік жағдайларда оңтайлы  шешім тауып, білімі мен біліктілігін көрсетіп келеді. Павлодар станциясының жұмысын тиімді ұйымдастыру оңай жұмыс емес. Ауысым бастығы ретінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөліп, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын, еңбек және өндірстік тәртіпті нығайту, кадрларды тәрбиелеу мәселелерін назардан тыс қалдырған емес. 

Эрик Сүлейменов станциялық диспетчер ретінде жиырма жылдық тәжірибесі бар майталман маман бола тұра, жұмысына кіріскенде лауазымдық міндеттерін үлкен жауапкершілікпен адал атқаратынын айтады әріптестері. 

- Ол жұмысын өмірінің ажырамас бөлшегі ретінде қабылдайды, үнемі алдына өршіл мақсаттар қояды және соның нәтижесіне жету үшін аянбай еңбек етеді. Бұдан бөлек Эрик Кәрімұлы жылдар бойы жинаған тәжірибесін, білімін жастармен бөлісіп, олардың алға ұмтылысын көргенде қуанып, қолдау білдіреді. Сонысымен де жастарға ұнамды, ұжымға сыйлы, – деп жылы лебізін білдірді станция бастығы. 

Өмірде де, жұмыста да белсенді кәсіби маманның сенімді әрі нық іс-қимылының арқасында Павлодар станциясының негізгі көрсеткіштері көтеріңкі. Сөзімізге биылғы бес айдағы процентке шаққандағы көрсеткіштер дәлел болмақ. Мәселен, өңделген транзиттік және жергілікті вагондардың,  бір жүк операциясы астында вагонның тұруы, жұмыс паркі, вагон айналымы, жүкті тиеп және түсіру, стастикалық жүктеме сынды көрсеткіштер жоспары 100 пайыздан асыра орындалған. Бұл осы процестерді басқарып отырған станциялық диспетчердің жұмысты ұтқыр да ұтымды ұйымдастыра білуінің арқасы. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды