Қарт теміржолшыға құрмет көрсетілді

ҚТЖ келбеті
27.09.2022, 11:49
Оқуға 2 мин

Құсмұрын жол дистанциясында қырық жылға жуық уақыт еңбек еткен ардагер Нұрпейісов Сабырхан бүгінде Державинск станциясында тұрады. Ардагер әлі де тың, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

 Станциядағы ардагерлер ұйымын басқарып отырғанына 22 жыл, сонша жыл теміржолшы зейнеткерлердің мұң-мұқтажын түгендеп жүрген қария 85 жасқа толып отыр. Биылғы теміржолшылар күні Құсмұрын жол дистанциясының арнайы шақыруымен торапта өткен салтанатты жиынға қатысқан қарт жолшыны дистанция ұжымы мен кәсіподақ ұйымы кәсіби мерекемен және мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты.  

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында туып-өскен Сабырхан атаның балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келгендіктен сұрапыл жылдардың сұмдығын әлі күнге айтып отырады.  

– Әкемді інісімен бірден соғысқа алды, анам одан бұрын қайтыс болған, біз кәрі әжемнің қолында өлместің күнін кештік. Өзім сияқты балаларға қосылып аштан өлмес үшін колхоздың картобын жинасып, масақ тердік. Қой баққан шал-кемпірлерге көмектестік. Соғыстан кейін де тұрмыс түзеліп кеткен жоқ, Құсмұрындағы мектепке 5 км жерден қатынап оқып, онжылдықты бітірдім, – дейді қарт өткен өмірінен сыр шертіп.  

1957 жылы Құсмұрын жол дистанциясына жұмысқа тұрған Сабырхан Уалиұлының өмірлік серігі Балғалым Төлепбергенқызы да ерімен бірге қатардағы жолшы болып, ерлі-зайыптылар отыз жылға жуық еңбек еткен. Елу жыл үйде де, түзде де қатар жүріп тер төккен ерлі-зайыпты теміржолшылар бес бала тәрбиелеп өсірген.  

–Құсмұрын жол дистанциясының бастығы Николай Иванович Пивницский мені Жамбылға оқуға жіберді. 11 ай оқып, жол шаруашылығының маманы болып оралдым, ол кезде оқу деген қиын, инемен құдық қазғандай, бірақ бәрін үйреніп, сауатты маман болып шығасың, – дейді ардагер.  

1971 жылы Державинск жол дистанциясының бастығы Оразбай Айтбаевтың шақыруымен Есіл-Державинск-Арқалық жаңа теміржол теліміне жол шебері болып ауысқан Сабырхан ақсақал зейнетке шыққанша еңбек еткен.  

 

Лаура ТАЛҒАТҚЫЗЫ, Қостанай

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті