Үздік инспектор

Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының байланыс электромеханигі Айгүл Керімбаева – өз жұмысына деген жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп жүрген жан. Сондықтан оны қауіпсіздік және еңбекті қорғау инспекторы етіп сайлаған.

Биылғы теміржолшылар күні қарсаңында Айгүл Борисқызы «Үздік инспектор» төсбелгісімен марапатталды. Кейіпкеріміз 15 жыл бойы бір кәсіпорында еңбек етіп келеді, кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі.  

– Менің «Үздік инспектор» атануымның пәлендей құпиясы жоқ. Қоғамдық инспектор ретінде өндірісті жіті қадағалап, ақаулы апатты жағдайлардың алдын алуға барынша атсалысып жүремін. Ал кәсіподақ ұйымы тарапынан болып жатқан бастамаларға әрдайым қолдау көрсетіп, қоғамдық жұмыстардың ортасынан табылуды өзімнің азаматтық парызым санаймын. «Жақсылықтың ірісі, майдасы, айласы болмайды» деген ғой. Біздің ұжым қайырымдылық шаралардың ортасында жүреді, қиындыққа ұшыраған әріптестеріміз болса, дереу ортадан ақша шығарып, көмек қолын созуға ұмтыламыз. Айтулы күндер мен кәсіби мерекелерде ардагерлерімізді ұмытпай, сыйлап көңілдерін көтеруге тырысамыз. Бүгінде кәсіпорында өндірістік жарақат алған үш мүгедек бар, екеуіне кәсіпорыннан арнайы жәрдемақы төленеді. Алайда, Әнуарбек Тілендиев алған жарақатынан қайтыс болып, көмек оның сол кезде кәмелет жасына толмай жетім қалған қызына көрсетілді. Ол қыз бүгінде студент. Мен өз тарапымнан оның өзіне тиесілі барлық көмекті алып, жеңілдікті пайдалануын қадағалап отырмын, бұл – біздің әріптес алдындағы парызымыз, – дейді Айгүл Борисқызы.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады