«Жас үздік маман» атанған теміржолшыға Құрмет грамотасы табысталды

ҚТЖ келбеті
18.10.2022, 11:22
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жүк тасымалы қосалқы бөлімінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов республикалық сайыста білімі мен кәсіби біліктілігін дәлелдеп, «Жас үздік маман» атанған түбектік теміржолшы Бекмырза Қожаевты жұмыс орнына арнайы барып құттықтады.

Маңғыстау станциясында пойыз құрастырушы болып еңбек ететін Бекмырзаның теміржол саласындағы бес аталым бойынша Астана қаласында өткен «Жас үздік маман» республикалық салалық байқауында топ жарғаны бүкіл түбек теміржолшыларының мерейін өсірді. Пойыз құрастырушылар бағыты бойынша алдымен өз мекемесі шеңберінде, сосын Маңғыстау қосалқы бөлімі бойынша сынақтардан сүрінбей өтіп, елордаға жолдама алған жас жігіт өзге өңірлерден жиналған әріптестерінің арасында да біліктілігін таныта білді. Өз саласының қыр-сырын жақсы меңгеріп, түбек теміржолына абырой сыйлаған жас теміржолшыға Құрмет грамотасын табыстаған бөлімше басшысы үздік жас маманның алдағы жұмысына сәттілік тілеп, болашағына сенім артты. Маңғыстау теміржолы қашанда білікті мамандарымен мақтанатынын жеткізді.  

Бекмырза Қожаевтың ендігі мақсаты – ҚТЖ компаниясының «100 жас есім» жобасының іріктеуінен өтіп, таңдаулы жастардың қатарынан көріну. Айтуынша, оған бұл мамандықты меңгеріп, жетістікке жетуіне жігер беретін анасы екен. Бекет кезекшісі болып еңбек ететін теміржолшы әйел баласын жастайынан осы салаға дайындап, кәсіби білікті маман болып қалыптасуына барын салған екен.  

– Әкем мұнай саласында еңбек етсе, анам «Р» бекетінде кезекші. Мені бұл кәсіпке баулыған, теміржолшы болып қалыптасуыма ықпал еткен – анам. Бала кезден анаммен көп жүріп, оның жұмысының қыр-сырымен таныс болып, көріп өстім. Мектепті бітірген соң Алматыдағы теміржол академиясына тасымалды ұйымдастыру мамандығы бойынша оқуға түсіп, тиянақты білім алдым. Биыл жеті жыл болды, өндірісте еңбек етіп, қозғалыс саласының барлық «нюансын» меңгеріп жатырмын. Өзім атқарып жүрген міндетті толық біліп, іс жүзінде қалай қолдануды білмесем, маған сын болар еді. Сондықтан, байқауда барлық сауал өзіміздің күнделікті жұмыстарымызға қатысты болғасын еш қиындық туғызбады. Сынақтар, байқаулар негізі адамды ынталандырады, шыңдайды. Мен бүгінде «100 жас есім» жобасының бірінші іріктеуінен өтіп, екіншісіне дайындалып жатырмын. Ең бастысы, алдыңа мақсат қойып, армандай білу керек. Ал ынта мен жігерің болса бәріне қол жеткізуге болады, – дейді Бекмырза Қожаев.  

Кейіпкеріміз жас болса да отбасын құрып, бүгінде екі баланың әкесі атанып отыр. Сондықтан барлық бос уақытын ұлдарының тәрбиесіне арнайды. «Болашақ теміржолшылар әулетінің мүшелері» деп қалжыңдайды. Болашақта отбасылық футболшылар командасын жасақтауды армандайды. Өйткені өзі спортты жақсы көреді, Маңғыстау теміржолшыларының футбол командасының белді мүшесі.  

 

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл