Құпия пойыздарды тасымалдаған машинист

ҚТЖ келбеті
04.11.2022, 11:27
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Біздің кейіпкеріміз Аманжол Қарабас ҚТЖ компаниясы құрылған ширек ғасырдан бері жолаушы тасымалына қызмет етеді. Жолаушы пойызында жолсерік. Жалпы, ғұмырының 40 жылын осы салаға арнаған, алғашқы 15 жылда тепловоз машинисі болыпты.

Әрине, темір тұлпар тізгіндеп, жолаушы пойызын жүргізген жанның жолсерік болып қызмет ауыстырғанына таң қалғанымызды жасыра алмадық. Себебін кейіпкеріміз өзі айтып берді. 1997 жылы жолдасы сырқаттанып, дәрігерлердің кеңесімен ауа райы салқындау жерге қоныс аударуға шешім қабылдап, отбасымен Маңғыстаудан Ақтөбеге көшіпті.  

– Отбасымның жағдайы үшін көбірек бос уақыт, вахталық жұмыс қажет болды да, Мәскеуге қатынайтын тіркеме вагонға жолсерік болып ауыстым. Бір апта жолда, бір апта үйде болатынмын. Үй-жай Ақтөбеде, жұмысым Маңғыстауда, екі ортада жүрдім біраз жыл. Құдайға шүкір, әйелімнің денсаулығы жақсарды. Ал мен осы жұмыста қалып қойдым. Оның алдында жолаушы пойызын жүргізсем, енді тікелей сол жолаушыларға қызмет көрсетем. Әрине, алғашқыда тепловозымды аңсап, у-шуы көп жаңа жұмысқа үйрене алмай, қоңылтақсып жүрдім, бірақ уақыт өте келе үйреніп кеттім, – дейді Аманжол Қарабас.  

Әскери борышын Мәскеуде өтеген ағамыз теміржол батальонына тап келіпті. Жол төсеу, көпір салу, тепловоздардың жұмысымен де танысуы сол кезден басталады. Елге келгесін, 1982 жылы Маңғыстаудағы локомотив депосына тепловоз жөндеушісі болып кіреді. Бір жылдан соң көмекші машинист болып екіүш жыл тәжірибе жинаған соң тепловоздың оң қанатына отырады. Бастапқыда жүк пойызын, кейін он жыл Өзен-Маңғыстау қаламаңы, Маңғыстау-Атырау жолаушы пойызын жүргізеді.

– Теміржол қызық та қиын жұмыс. Ол үшін адам теміржолшы болып тууы, соған бейім болуы керек. Әйтпесе 30-40 жылдап жүре алмайды. Күнде де, түнде де жұмысқа дайын тұруың керек. 12 сағат сайын ауысып, пойыз жүргіздік. Маңғыстау станциясынан құпия пойыздарды тасымалдаған 4-5 машинистің бірі болдым. Вагонда нақты не барынан, қандай қауіпті нәрсе екенінен мүлде хабарсызбыз. Білетініміз – құпия жүк. Соны аман-есен алып баруымыз керек. Қолымызға екі күн бұрын кестені ұстатады. Жолға шығамыз, жүрген әр минутымыз санаулы. Сол кездегі КГБ дейтін ұлттық қауіпсіздік қызметінің өзі бақылап отырады. Станция, бекеттерде арнайы қызмет өкілдері күзетіп тұрады. Бірде қызық жағдай болған. Бір құрамаға белгіленген жүк салмағы 3 000 тоннаға дейін. Маған 3100 тонна тиеп қойыпты. Хабарласып, бір вагонды ағыттырдым. Сөйлескенімді де КГБ тыңдап тұрады екен. Дереу жетіп келді, – деп өткен жылдарын еске алды кейіпкеріміз.  

Талай жыл жолсерік болып Мәскеуге қатынайтын тіркеме вагонда жүрген кейіпкеріміз бүгінде Маңғыстау-Семей бағытындағы пойызда қызметін жалғастыруда. Бір қызығы, кезінде бірге еңбек етіп, тіпті өзіне көмекші болған жігіттердің біразы бүгінде зейнетте. Себебі олар салалық зейнетақымен 57 жастан демалысқа шыққан. Аманжол ағаның жасы алпысқа келді. 40 жыл еңбек тәжірибесі бола тұра тағы бір-екі жыл жұмыс істеуі керек.  

– Кейде машинист болып жүргенде сол замандастарым секілді бүгінде зейнетке шығып, немерелерді қызықтап отырар едім деп армандаймын, мен де 15 жыл машинист, 25 жыл жолсерік болдым емес пе? Болашақта осындай жағдайлар ескерілсе деймін, – деп назын айтты теміржол тағдырына айналған Аманжол Қарабас.  

 

Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді