«Адал еңбегі үшін» марапатталды

ҚТЖ келбеті
11.11.2022, 08:48
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан теміржолында адал еңбегімен көзге түскен қызметкерлер қашан да саланың ерекше марапаттарына ие болады. Солардың бірі - «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүктермен коммерциялық жұмыс департаментінің бас менеджері Тасболат Каримов «Адал еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Теміржолда коммерциялық жүктер тасымалы бойынша ірі кәсіпорындардың құжаттарын реттеумен айналысатын ол - компанияның 80 пайыз табысын әкелетін салада тәжірибесі мол білікті маман. 

Теміржол саласында 40 жылдық тәжірибесі бар Тасболат Каримов ҚТЖ арқылы жүктерін тасымалдайтын 56 ірі кәсіпорынмен арада түрлі келісімшарттар жасау, бұйрықтар мен актілер, басқа да қыруар маңызды құжаттарды тексеру, салыстыру, қабылдап алумен айналысады. Былай қарағанда, бұл асқан мұқияттылық пен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Себебі әрбір жүктің, тасымалдың есебі құжаттарымен бірдей болуын тексеріп, деректерден қателесуге жол беруге болмайды.  

- Қазақстан бойынша тәулігіне 50 вагоннан астам жүк тиейтін ірі кәсіпорындармен келісімшарттар жасаймыз. Сонымен қатар станция жұмысының Бірыңғай технологиялық процесі бойынша жұмыс жүргіземіз. Мәселен, ең ірі келісімшарт жасалатын кәсіпорындар қатарында Қарағандыдағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ мен Павлодардағы «Қазақстан аллюминийі» АҚ және «Богатырь комир» ЖШС және т.б өндіріс орындары бар. Сол сияқты Ақмола, Жамбыл, Семей, Ақтөбе, Маңғыстау өңірлеріндегі өндірістік кәсіпорындармен келісімшарттар жасалады. Жүк тасымалына қатысты барлық құжаттарды қарап, тексеру, келісімшарттарды дұрыстап толтырып, жасау –менің басты міндетім, - дейді Т. Каримов.  

Ақмоланың тумасы Тасболат Каримов теміржолшы отбасынан шыққан. Әкесі 30 жылдан астам уақыт машинист көмекшісі болып қызмет еткен. Өзі мектеп бітірген соң 1978-1982 жылдары Целиноград теміржол техникумынан және 1993-1998 жылдары Алматы теміржол инженерлері институтынан «Теміржол көлігін пайдалану», «Тасымалды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі басқару» мамандықтары бойынша арнайы орта және жоғары білім алған.  

-Бала кезімізде бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласындағы Орталық саябақта «Балалар теміржолы» болды. Осы жол арқылы пойыздар «Жеңіс» және «Абай» стансаларының аралығында жүретін. Жазғы демалысымды сонда өткізетін едім. Балалар теміржолы тек қана аттракцион болып қойған жоқ, кәдімгідей қосымша  кәсіптік білім беру көзіне айналды. Ол жерде пайдалану ережелері, жабдықтары кәдімгі теміржолдың тәртібіне жақын болды. Жазда сонда жолсерік, кондуктор, диспетчер, кезекші жұмыстарын атқарып, тіпті ересек тәжірибелі инструктор басшылығымен машинист болып, шағын пойыздарды да жүргіздік. Осындай тәтті естеліктер менің жадымда мәңгі қалып қойды. Сөйтіп теміржолға келгенмін, -деп еске алады ол балалық шағын.  

Тасболат Каримов әр жылдары станция кезекшісі, жүк қабылдап, жөнелтуші, инженер-технолог, кіре беріс жолдар бойынша жетекші инженер, экспедитор және т.б қызметтерді атқарып, мол тәжірибе жинақтайды. Екі мыңыншы жылдардан бері қарай ол жүк тасымалындағы коммерциялық жұмыстар бойынша департаменттерде бас маман, бөлім бастығының орынбасары, бірінші санатты менеджер болып жұмыс істеді. Бас алмай жұмыс күнін құжаттар тексеру, толтырумен өткізетін ол одан бөлек кәсіподақ қызметіне де уақыт табады. Қазіргі таңда «Қазкәсіпкөлік» ҚБ-ның «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бойынша кәсіподақ филиалының төрағасы.  Келесі жылы алпысты алқымдайтын теміржолшының 2 қыз бір ұлы бар. Бос уақытында балаларымен бірге болып, футбол тамашалағанды жақсы көреді. Компанияда өткен шашка, шахмат ойындарында жүлдегер болған. Бірнеше рет Алғыс хат, Құрмет грамоталары және Кәсіподақтың 20, 30 жылдығына арнайы төсбелгілермен марапатталған.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады