Теміржолшылар отбасы Қазақстанның үздік еңбек әулеті деп танылды

ҚТЖ келбеті
07.12.2022, 10:15
Оқуға 2 мин

Семейлік теміржолшылар Түкібаевтар отбасы жыл сайынғы «Еңбек жолы» республикалық байқауының «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Конкурсты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтау мақсатында өткізеді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі елордада өтті.  Теміржолшылар әулетіне құрметті атақ айтарлықтай жалпы еңбек өтілі мен таңдалған мамандыққа деген адалдықтары үшін беріліп отыр.

Салтанатты рәсімнен кейін еңбек әулетінің өкілдері «ҚТЖ» ҰК» АҚ –  «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы басшылығымен кездесті. Әңгімелесу барысында темір жолдың еңбек әулеттері жастардың еңбекке деген құрметін, өз кәсібіне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал ететіндігі, оларды жаңа тәжірибемен байыта отырып, үздік білім беретіндігі атап өтілді.

Әр уақытта теміржолда Түкібаевтар отбасының 35 өкілі жұмыс істеп, жұмысын жалғастыруда. Әулеттің жалпы еңбек өтілі 580 жылдан асады. Әулеттің негізін қалаушылар – ағайынды үшеу – Маукен, Ілияс және Сыдық. Олар темір жолдағы еңбек жолын 30-шы жылдары бастап, Түркістан-Сібір темір жолының құрылысына қатысқан.  

Маукен Түкібаев пойыз кондукторы, содан кейін станция бойынша кезекші болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында станция бастығы болып жұмыс істеп, әскери оқ-дәрілер мен азық-түліктерді майданға үздіксіз және қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етуге үлес қосты. Оның ағалары Ілияс пен Сыдық Түкібаевтар жол аралықтарында жұмыс атқарды.

Балалары Маликриян Маукенович, Серікқан Ілиясұлы, Ғали Сыдықұлы және Зулкумар Сыдықұлы әкелерінің даңқты және ерен еңбегін абыроймен жалғастыруда.

Бүгінде темір жолда Түкібаевтар әулеті негізін қалаушылардың немерелері мен шөберелері жұмыс істеуде.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды