Еңбек ер атандырды

ҚТЖ келбеті
03.08.2023, 14:52
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маңғыстау жол дистанциясында тапжылмай 23 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан жолшы Қабыл Зайыров биылғы төл мерекеге орай саланың ең жоғары наградасымен марапатталмақ.

Ақтөбе теміржол колледжінде арнаулы кәсіптік орта білім алған кейіпкеріміз  2000 жылы Маңғыстау жол дистанциясына жол монтері болып жұмысқа орналасқан.  Осы жылдар ішінде жол шаруашылығының барлық сатысынан өтті, жол бапкері, жол шебері болды. 2011 жылдан бастап дистанцияға қарасты алты телімнің бірінде, №2 телім бастығы.  

– Біз өндіріске келген жылдары телімде негізінен ағаш шпал еді, бірте-бірте темірбетонға ауыстырылды. Маған қарасты 88 шақырымдық телімдегі жолдар 2019 жылдан бастап үш жылда толық жаңарды. Қазіргі таңда телімде 58 жұмысшы бар, оның ішінде 44 жол монтері, 5 жол шебері, технолог, техниктер, т.б. мамандар бар. Біздің телімге Шетпе станциясы, №13, 14, 15, 16 бекеттер қарайды. Осы телімде күзетпелі 1, күзетпесіз 6 өткел бар. Бұрынғыдай емес қазір жолшылардың еңбек жағдайы жасалған. Отыратын «табельный» ғимаратымыз Шетпеде. Ол жерде тамақ ішетін, киім ауыстыратын, душ қабылдайтын орындар қарастырылған. Енді перегондарда модульдер орнату жоспары басшылық тарапынан көтеріліп жүр. Онда тіпті тамаша болады. Жалақы тұрақты, әлеуметтік пакеттер қарастырылғандықтан кадр тұрақсыздығы жоқ, дегенмен біздің жұмысқа үйрену үшін, әсіресе түбектің ауа райында  үлкен шыдамдылық пен төзімділік керек, – дейді кейіпкеріміз.

Қабыл Бекарысұлы бұған дейін «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен және «Қазақстан темір жолына 110 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған. Енді олардың қатарын «Құрметті теміржолшы» белгісі толықтырмақ.  

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды