Пойыздар қозғалысын тиімді басқарып отырған білікті диспетчер

ҚТЖ келбеті
04.08.2023, 10:27
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Батыстағы бес облыстың пойыздар қозғалысын ұйымдастырып отырған Ақтөбеде диспетчерлік орталықтың жұмысы өте күрделі де қауырт. Ауысым басшысы Қайрат Қалуов цифрлық трансформация арқылы интернетке тәуелсіз жұмыс жасап тұрған орталық жұмысымен таныстырды.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы пойыздар қозғалысын басқаруды бір жерден ұйымдастырып отырған орталық диспетчерлер қазір саны көбейген контейнерлік пойыздарды кідіртпей отыр.  

– Мұнда бүгінде 180 пойыздың қозғалысы ұйымдастырылады. Бір ауысымда 26 пойыз диспетчері, төрт бөлім кезекшісі, төрт локомотив диспетчері және бір ауысым басшысы бар, – дейді ауысым басшысы.  

Айтуынша, биылғы жылы контейнерлік пойыздар ағыны екі есеге артқан. Еуропа-Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздар күн сайын өтуде және орташа салмағы мен ұзындығы артып, жылдамдығы да айтарлықтай жақсарған. Қытайдан шыққан пойыздар да Қазақстан арқылы өтеді.  

– Әр пойыз құрамында 70 вагоннан бар. Бұрын тәулігіне он пойыз өтсе, қазір 20-ға жеткен. Соңғы үш жылдықта Қазақстан мен Қытай, Ресей темір жолының арасында байланыс нық орнады. Пойыздар үлкен жылдамдықпен жүреді. Тальго пойызынан кейін контейнерлік пойыздарды өткіземіз. Жүк пойыздарында жылдамдық 70 болса, контейнерлік пойыздарда 100 болады, – деді Қайрат Қалуов.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы пойыздар қозғалысын басқару орталығының ДЦУ ауысым бастығы Қайрат Зейнуллаұлы тәжірибелі маман. 1961 жылы Шалқар өңірінде дүниеге келген ол еңбек жолын Қарашоқат станциясының 77 разъезде станция кезекшісі болып бастапты.  – Қазір мұнда жұмыс қайнап жатыр. Бұрын бес өңір қосылмай тұрғанда Ақтөбенің өзінде қиыншылық болды. Мына тұрған Орал мен Қызылордаға пойыз жіберуде кедергі көп болды. Қазір бәрі орталықтан басқарылып, ұйымдастыру жеңілдеді, – деді Қайрат Қалуов.  

Кейіпкеріміз теміржолшылар әулетінің өкілі, бүгінде өз балалары да династиялық дәстүрді жалғастыруда.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды