Еңбекпен өрілген өмір

ҚТЖ келбеті
02.09.2023, 09:51
Оқуға 3 мин

Кезінде кеңестер одағы деген алып елде таңдаулы 100 сұрыптау станциясының бірі болған Арысты кім білмейді?! Теміржолшы кәсібі де бұл өңірге ерте сіңген. Сонау өткен ғасырдың басында Орынбор – Ташкент шойынжолы тартылып, арыстықтар теміржолшы кәсібін меңгере бастады.

Бір ғасырда тоғыз жолдың торабындағы Арыс станциясы теміржолшылар қаласына айналды. Біздің кейіпкеріміз Арысбек Тастанбеков 1953 жылы 2 қыркүйекте Арыс станциясының іргесіндегі Ақпан бекетінде теміржолшы отбасында дүниеге келген сәтте-ақ оның болашақ тағдыры айқындалып қойған секілді, темір жол бойында өскен теміржолшының ұлы әрине теміржолшы болады.  

1972 жылы теміржол техникумын бітіріп келіп, Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясына электр монтері болып еңбек жолын бастаған кейіпкеріміз мықты маман болу үшін орта білім жеткіліксіз екенін түсініп, қозғалыс саласы бойынша сырттай оқып, жоғары білім алады.  

1979 жылы Бадам станциясына кезекші болып барып, сосын бөлімшенің қозғалыс бөлімінде пойыз диспетчері, бөлімше бойынша кезекші қызметтеріне сатылай өсіп, алты жыл жемісті еңбек етеді, мол тәжірибе жинайды.  

Әрине, бөлімшенің бүкіл пойыздар қозғалысын ұйымдастыру, негізгі көрсеткіш – пойыздар жылдамдығын арттыру жұмыстарының қорытындысы осы диспетчерлік аппараттың жұмысымен анықталатыны белгілі. Осы жылдар ішінде өзін қозғалыс қызметінің қыр-сырына жетік мықты маман ретінде танытқан Арысбек Тастанбековті басшылық 1984 жылы Арыс станциясының бас инженері етіп тағайындайды.  

– Сол жылдары Арыс станциясында жаңа технологияларды енгізу жұмыстары қызу жүргізіліп жатқан болатын. Осы жұмыстарға жетекшілік жасап, бөлімше бастығы Әуезхан Салықбаевтың тапсырмасымен өндірісті техниканың соңғы жетістіктерімен қайта жарақтандыру жұмыстарына атсалыстық. 1989 жылы Арыс станциясының бастығы болып тағайындалған соң үш жыл тікелей Әуезхан ағамыздың қол астында жұмыс істеп, көп тәрбиесін алдым, – деп еске алады кейіпкеріміз.  

Теміржолшының одан кейінгі қызметі Шымкент бөлімшесінде жалғасады. 1991-1997 жылдары бөлімшеде қозғалыс қауіпсіздігінің бас ревизоры лауазымын атқарады. Ал ҚТЖ құрылған соң «Түркістан темір жолы» басқармасының қозғалыс қызметін басқарды. Сосын Шымкент станциясының бастығы болып тағайындалған Тастанбековті бір күні жоғары басшылық шақырып алып жұмысы шатқаяқтап жатқан Алматы темір жол бөлімшесінің Достық станциясына баруға ұсыныс жасайды. 2000-2007 жылдары қиырдағы шекаралық станцияны басқарып, көршілес қытайлық әріптестерімен тамаша байланыс орната білген Тастанбековтің іскерлігі өз алдына әңгімеге арқау боларлық. Содан кейін солтүстікке қоныс аударып, Көкшетаудың Бурабай курорты станциясын, Жамбыл станциясында Жүк департаментін, ерекше статусы бар Шымкенттің Қазығұрт станциясын басқаруы да өзі үшін ерекше тәжірибе болғанын айтады.  

Саладағы қырық жылға жуық еңбегі туған жерге оралып, «Қазтеміртранс» АҚ Шымкент филиалында бас инженер, директордың орынбасары қызметтерін атқарумен аяқталады. Басқа еңбегін былай қойғанда 5 өңірде станция басқарыпты. Бүгінде зейнет жасында, ұзақ жылғы еңбектің жемісін көріп, жұбайы Гүлнар екеуі ұл-қыздан тараған немерелердің қызығын қызықтап отырған жайы бар. Жетпіс жасқа толып отырған тарлан теміржолшы Арыстан басталып, әр қиырда жалғасқан еңбек жолының осылай өрілгеніне дән риза.  

– Бір ғана Қазақстанның бірнеше өңірінде қызмет атқарып, талай жердің дәм-тұзын таттым. Қырық градус ыстық Арыс станциясы мен қырық градус суық Бурабай станциясында тұрып еңбек етудің қандай болатынын мен ғана білемін, – деп рахаттана күлді кейіпкеріміз.  

Меруерт ЕСЕНБЕКҚЫЗЫ, Шымкент

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл