Жедел жәрдемге айналған жолсерік

ҚТЖ келбеті
11.01.2024, 14:30
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Алматы-Ақтөбе» бағытындағы №33 пойыздың жолсерігі Ғалия Қабдрахманова көпбалалы келіншектің алтыншы баласын пойыз ішінде босандырып алды. Жиырма жылдық тәжірибесі бар жолсерік ақ халаттылар келгенше қатты қобалжығанын жасырмайды.  

Ғалияның «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметінде еңбек етіп жүргеніне биыл 17 жыл. 2007 жылы «Батыс» пойызының қызметі қосылғаннан бастап, жолаушылар қызметінде. 7 қаңтар күні әдеттегідей кезекті рейсте жолда болған. Пойыз Шалқар станциясынан қозғалғанда жолаушы жүкті келіншектің толғағы басталғанда қатты қобалжыған. Өзі үш баланың анасы болған соң әлдеқандай болады деп ана мен бала үшін алаңдады.  

– Дәл осындай жағдай менің тәжірибемде алғаш рет болып отыр. Сондықтан алғашқыды қатты қобалжыдым. Әйтсе де, пойыз бастығына хабарлаған соң тездетіп купені босатып, керек-жарақты дайындап, кез келген жағдайға әзір болдық. Жолаушылар арасынан дәрігер іздестіріп, басқа вагонның жолсеріктері де жан-жақтан көмек көрсетті. Пойыз бастығы келесі станциядан жедел жәрдем шақырып қойды. Бірақ сәби вагон ішінде дүниеге келуді қалаған екен, балпанақтай қыз бала аман-есен дүниеге келді, – дейді жолсерік Ғалия Қабдрахманова.

Ана мен бала Жем станциясында күтіп тұрған дәрігерлерге табысталды. Қазір олардың жағдайы қалыпты. Оқиға кезінде бәрі де дүрлігіп шапқылаған пойыз бригадасы бала мен ананың амандығы үшін қуанышты.  

– Жолда түрлі жағдайлар болады. Келіншектердің пойызда босанып қалуы да бірінші рет емес. Біз тек амандығын тілейміз. Абырой болғанда кешегі жағдай қуанышты аяқталды. Тоғыз станциясынан мінген жүкті келіншек Ақтөбе қаласына жетпей толғағы басталып, тағы бір сәби пойызда дүние есігін ашты, – дейді пойыз басшысы Ерсұлтан Мұханбеталы.  

Жас босанған ана Айнагүл Тілеубергенова теміржолшыларға алғыс айтты.  

«Пойыздың барлық қызметкерлеріне осындай төтенше жағдайда қол ұшын беріп, мені жалғыз қалдырмағандары үшін үлкен алғысымды білдіремін. Өзім босану үшін Ақтөбе қаласына жолға шығып, орта жолда осындай жағдай болды. Өскенде қызыма айтатын боламын. Қазір өзімнің де, баламның да денсаулығы жақсы, – деп алғысымен қатар қуанышымен де бөлісті кішкентай Маликаның анасы Айнагүл.

Айта кетейік, соңғы 3 жылда Ұлттық компания пойыздарында 11 сәби дүниеге келген.

 

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты