Маңдайын – күн, самайын жел сүйген жан

ҚТЖ келбеті
07.03.2024, 15:23
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Гүлнәр Жанқожақызы – Арыс жол дистанциясының 19-шы айналымында 1984 жылдан бері жол жөндеуші болып еңбек етіп келеді. Сол кездері Гүлнәр апайдың қызмет орны Соларский жол дистанциясы деп аталған.

Яғни Кеңес үкіметі кезінде Өзбекстанның Ташкент өңіріндегі теміржол тармағының санатында болған бұл телім 2003 жылдары ғана Қазақстан меншігіне өткен. Мінекей, соған дейінгі де, кейінгі де кезеңдерде мекеме атауы сан құбылып, бірнеше рет ауысқанымен, Гүлнәр апайдың еңбек жолы да, лауазымы да еш өзгермеген...  

«Мен бойжеткен шағымда әкем «техник боласың» деді. Әкей айтты, біз көндік. Содан бері сол кісінің сүрлеу-соқпағымен жүріп келе жатқаныма табаны күректей 40 жыл болды», – дейді кейіпкеріміз.

Негізінен көп жағдайда бұл қызмет ер азаматтарға тән ауыр жұмыс екені белгілі. Алайда, кейіпкеріміз жұмысқа араласа бастаған кезде, оның қасында бір жеңгесі мен апайы болған. Бертін келе, оның бірі бақиға аттанып, екіншісі зейнетке шыққан. Оған қоса, қайбір жылы қыз-келіншектерді физиологиялық тұрғыда ауыртпалық жүктейтін мұндай жұмысқа тартпау туралы Ұлттық компания тарапынан арнайы ереже шыққан. Бірақ салаға жетекшілік ететін жауапты мамандар Гүлнәр Жанқожақызының отбасылық жағдайы мен ұзақ жылдық мол тәжірибесін ескеріп зерделей келе, оның осы қызметтен құрметті демалысқа шыққанын жөн көріпті. Гүлнәр әпкеміз қазір жолшылар қатарында жұмыс істеп жүрген бір ғана әйел. Жақын күндері көп жылғы еңбегінің зейнетін көруге құрметті демалысқа шықпақ.  

Өмірінің осыншама уақытын шойын жол шаруашылығына арнаған ана бүгінде қос перзентінен оншақты немере сүйіп отырған ақ жаулықты әже. Ер азаматтармен қатар жүріп маңдайын күнге, самайын желге сүйдірген ол: «Мен көрген қара жұмыстың қиындығын балаларым көрмесін» деп екі қызының медициналық білім алуына жағдай жасайды. Енді міне, сол көңіл қалауы, асқақ арманы орындалып, қыздары Наргиза мен Гузаль ақ халатты абзал жандардың қатарында ұлт саулығының сақталуына өз үлестерін қосып келеді.

Гүлнәр апайдың ағасы Ержігіт Қалтайұлы осы күндері теміржолда өзімен қатар несібесін теріп жүрсе, әкесі Жанқожа осы саладан зейнетке шыққан ақсақал. Ал атасы Қабыл болса, Жылға маңындағы теміржолдың дамуына жылдар бойы тер төгіп, өмірден өткен жан екен.

 

Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады