Көктен қараған күлімкөз

ҚТЖ келбеті
08.03.2024, 12:45
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Кәсіби мамандықты таңдау көп жағдайда мектеп қабырғасынан басталады. Алайда, Ақмарал Исмаилова қазіргі кәсібі туралы мектепте армандап көріп пе?! Жоқ. Оның қазіргі атқарып жүрген кәсібін қыздар түгілі ерлердің өзі меңгеруге тәуекел жасай бермейтіні анық.

Ақмарал Қызылорда локомотив пайдалану депосының Шиелі айналым депосында көпірлі кран машинисі. Он шақты жылдан бері Шиелі айналым депосында аталған техниканы басқарып келеді. Оның көпірлі краны депо ғимаратының ішіндегі білек темірдің бойымен ғана қозғалып, аса ауыр салмақты керекті жерге көтеріп-түсіріп, локомотивтерді жөндеу кезінде маңызды рөл атқарады.  

Депоның Шиелі станциясындағы өндірістік жұмыстары Ертуған Өтеғұловтың басшылығымен жүргізілуде. Басшы нәзікжанды кран машинисіне дән риза.  

– Ақмаралдың депо жұмысында рөлі ерекше. Кез келген адамның атқара алмайтын жауапкершілігі мол жұмысты Ақмарал алғашқы күннен бастап ұршықша иіріп әкетті. Біздің ұжымдағы жеті қыздың барлығы ерлермен бірге бір сапта еңбектің тайқазанын қайнатуда. Азаматтарымыздың оларға деген ілтипаты, құрметі ерекше, – дейді айналым депосының бастығы Ертуған Өтеғұлов.  

Ақмарал бала кезінен теміржолда еңбек ететін ағаларына еліктеп, әрі сол кезеңдегі ең сенімді сала теміржолда жұмыс істеуге құштар болыпты. Бұл еліміз егемендік алған, бірақ тәй-тәй басқан бүлдіршіндей аяғынан нық тұрып кетпеген кезі болатын. Теміржолдың сол кезде тұрақты еңбекақы төлеп тұратыны көпшілікке демеу болып көрініпті. Ақмарал да ағаларының ақылымен Шиелі айналым депосына дефектоскопия маманы болып жұмысқа орналасыпты. Алғашында жұмыс ауырлау болғаны рас. Бірақ жанындағы әріптестері мен басшылықтың қолдауы жас қызға демеу болып, ол теміржолшы кәсібінің қыр-сырын меңгере бастайды.  

Арада бірнеше уақыт өткенде жұмысқа тындырымды, жауапкершілікті бірінші орынға қоятын Ақмарал депо басшылығының ұсынысымен көпірлі кран машинисі болып қызметін ауыстыруға бел буады. Жерде емес, биікте әрі депо ішіндегі көпірлі кранда жұмыс істеуге алғашқы кезде жүрексінген қайсар қыз бойын тез жинап алып, кран тетіктерін меңгеруге кірісті. Бірнеше күннен кейін ол техниканы оңай игеріп, берген командаларды емін-еркін орындайтын кәнігі маманға айналды.  

– Теміржол – күрделі сала. Алып саладағы қай қызметтің де өзіндік ерекшелігі, жауапкершілігі бар. Әрине, темір жол маған таңсық емес еді. Алғаш теміржолшы мамандығы туралы ағаларымнан естіп білдім. Бірақ, көпірлі кран машинисі боламын деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Дегенмен барлығына салқынқандылықпен қарауға тырыстым. Шағын кабинаның ішінде отырып орасан зор салмақтағы тепловоз бөлшектерін тиісті жерге көтеріп түсірудегі қауіпсіздікті сақтау, дәлдікке мән беру жауапкершілікті қажет етеді. Осындай саланың өзіндік ерекшеліктерін біліп, тәжірибе жинауға қол ұшын берген және маған сенім білдірген тәлімгерлеріме, әріптестеріме, депо басшылығына алғысым шексіз,– дейді көпірлі кран машинисі Ақмарал Әбітайқызы.  

Ақмаралдың бір ұлы Аян өзінің жанында қазандық машинисі болса, Еркебұланы Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалының қызметкері болып ата-анасының кәсібін жалғастыруда. Кез келген адамзат баласы кіммен, қайда жұмыс істесе де оның әр ісінен мейірімділіктің, қамқорлықтың лебі сезілуі керек деген ұстанымды ұстанған кейіпкеріміз жұмыста салмақты маман болса, отбасында мейірім шуағын шашқан отанасы, адал жар.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды