Мемлекеттік тілге деген сұраныс артып келеді – тренер

ҚТЖ келбеті
19.04.2024, 11:17
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бекзат Кәрімханов теміржол саласында қызмет ете жүріп, «Болашақ басқарушылар» бағдарламасын игеріп, 2020 жылы «ҰК «ҚТЖ» АҚ ішкі жаттықтырушылар пулын құру және дамыту бағдарламасы бойынша өткен сайыста жеңімпаз атанған санаулы жастың бірі. Бүгінде Қазақстан темір жолының сертификатталған ішкі жаттықтырушысы ретінде оқуды сәтті аяқтап, осы бағытта жемісті қызмет етіп жүр.

Бекзатты жаттықтырушы ретінде ерекшелеп тұрған қасиет көп. Соның бірі мемлекеттік тілде сөйлейтін жігіттің дәрістерді қазақ тілінде өткізетін шеберлігі десек қателеспейміз. Аягөз өңірінің тумасы Семейдегі Электротехника колледжінің «Темір жол көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығын, кейінірек М.Тынышпаев атындағы академияның «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығын меңгерген. Көзі ашық, көкірегі ояу белсенді жас қашан да қоғамдық шаралардың бел ортасынан табылып, «Жас Отан» жастар қанатында талай қайырымдылық акциясын өткізуге атсалысқан.  

– Ішкі жаттықтырушы болып қалыптасуыма өмірлік тәжірибем көп сеп болды. Мәселен, алғашқы еңбек жолымды өзім білім алған колледжде теміржол бойынша пәндердің ұстазы, куратор қызметінен бастадым. Ал, ішкі тренерлер үшін педагогтық қабілет өте қажет. Аудиторияны назарда ұстап, қатысушылардың ешбірін дәрістен тыс қалдырмай, сөйлете алуың керек. Сонда ғана әрбір семинар-тренингтен соң іштей мақсатыңа жеткеніңді сезінесің, – дейді Бекзат Нұрланұлы.  

Өзі 2014 жылы Семей теміржолына келіп, Жаңа-Семей станциясында бағыттама қосынының кезекшісі болып еңбек жолын бастаған Бекзат қысқа мерзім ішінде түрлі сатылы қызметтерден өтіп, нағыз теміржолшы болып қалыптасқан. Қозғалыс саласынан бөлек вокзал шаруашылығында да еңбек етті. Эколог, еңбек қорғаудың жетекші инженері сынды баспалдақтардан өтті. Биылдан бастап персоналмен жұмыс жасау бөлімінің менеджері болып қызмет атқаруда. Айтуынша, еңбек жолындағы көрген-түйгені ішкі тренер ретінде көп пайдасын тигізуде, қай сала маманы болса да әріпетестерімен тез тіл табысады.  

Бекзат жаттықтырушы ретінде еліміздің көптеген бөлімшелерінде офлайн тренингтер өткізіп келеді. Әсіресе, қазақылық қаймағы бұзылмаған батыс өңірлер мен оңтүстікке жиі сапарлайды. Бұл ретте ол салалық қызметте қазақ тіліне сұраныс артып келе жатқанын айтады. Мәселен, батыстағы дәрістер көп жағдайда таза ана тілінде өтеді. Сәйкесінше, мемлекеттік тілге жетік тренерлерге қажеттілік жоғары. Осы орайда күллі Қазақстан бойынша сертификатталған ішкі теренерлер арасында қазақша дәріс өткізе білетіні тек бес адам, соның бірі Абай елінің азаматы Бекзат екенін айта кеткен жөн.

– Өзім қатысып жүрген немесе өткізетін жиындардан байқағаным, теміржолшылар тарапынан спикерлерге қазақша сөйлеу туралы талап жиі қойылады. Тіпті, соңғы уақыттары қаракөз жастардың ана тілінде сөйлей алмауы мін ретінде сезіле бастады. Мемлекеттік тілге құрмет өзімізден басталады. Тілге құрметті әсіресе Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда бөлімшелерінде болғанда аңғардым. Жалпы Мемлекет басшысының өзі «Қоғамда мемлекеттік тілді үйрену, оны білуге ұмтылу қалыпты жағдайға айналуы қажет. Сонымен қатар қазақ тіліне сұраныс артқанда ғана ол көпшілік кең қолданатын тіл болады. Жалпы, бірнеше тіл білу - әр адамның мәдениеттілігінің белгісі. Ал мемлекеттік тілді, әсіресе ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мәдени өресі, азаматтық жауапкершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді» деген болатын, – дейді Бекзат Нұрланұлы.  

Бекзат өткен жылдың қорытындысы ретінде өткен «Корпоративтік еріктілер» байқауында «Қоршаған ортаны және қоғамды дамыту» номинациясы бойынша I-орын алды. Диплом мен бас жүлдені Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов табыс етті. Ал, биылғы ақпанда ұйымдастырылған форумда «Білім экспресі» жобасы бойынша үздік атанған Бекзат компанияның аппарат басшысы Серік Кеулімжаевтың Алғыс хатымен марапатталып, арнайы төсбелгі тақты, сонымен қатар «Үздік ішкі тренер» атағын иемденіп, салтанатта оған «Алтын үкі» мүсіні табыс етілді.  

Мемлекеттік тілді жетік білуімнің арқасында қызмет бабында осындай жетістіктерге жетіп отырмын деп санайтын теміржолшы жігіттің алар асуы әлі алда, сондықтан әрдайым жолың болсын, Бекзат дейміз біз оған...  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды