Берлинге жеткен жауынгер

ҚТЖ келбеті
07.05.2024, 09:25
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде жалғыз теміржолшы соғыс ардагері бар. Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Грецкий 100 жаста. Ғасыр жасаған қария 40 жылдан аса уақыт теміржол саласында еңбек еткен. Бүгінгі таңда Хромтау қаласында тұрады.

Кешегі қарт теміржолшы Василий Грецкий әлі тың, соғыс жылдарын, тіпті балалық шағын еске алып әңгіме айтады.  

«Бала күнімізде Жамбыл облысына қарасты Шу колхозында тұрдық. 18 жасқа толғанда әскерге шақырылып, Алматыда алты ай дайындықтан өттім. Кейін майданға аттандық, мен пулеметші болдым. Воронеж облысындағы Лиски станциясында пойызға жау әскері тұтқиылдан шабуыл жасап, бірталай адам қаза болды. Аман қалғандар Мәскеу арқылы Брянск ормандарында жүріп жатқан ұрысқа жіберілді», – деп еске алады ғасыр жасаған қария.  

Майдангер ұрыс алаңында үш рет жараланып, контузия да алған. Беларусь, Украина, Польша мен Чехословакиядағы қиян-кескі соғысқа қатысып, 1944 жылдың күзінде мемлекеттік «Қызыл жұлдыз» орденіне ұсынылып, кейін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.  

Василий Иванович Жеңісті Берлиннің іргесінде орналасқан ауруханада қарсы алыпты. 1946 жылы соғыста алған жарақаттарына байланысты демобилизацияланып, елге оралды. Соғыстан кейін 40 жылдан астам уақыт теміржол саласында қызмет етіп, зейнетке шықты. Отбасын құрып, 3 бала өсіріп, бүгінде олардан 6 немере мен 13 шөбере сүйіп отыр. Көп жылдан бері Василий Грецкийдің 2 баласы Челябіде тұрады. Ал кенже қызы Хромтауға қоныстанған. 2001 жылы қария осы баласының қолына көшіп келіп, бүгінде қызының жанында немерелерінің қамқорлығында қамсыз қарттық ғұмыр кешуде.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды