Локомотив қызметінде – қырық жыл

ҚТЖ келбеті
02.08.2024, 08:36
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотив пайдалану департаментінің бас менеджері, Құрметті теміржолшы Серік Әбеновті әріптестері күні кеше зейнет демалысына шығарып салды.

Салтанатты басқосуда кейіпкерімізді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы атынан бас директордың корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Владимир Бабиченко бастаған әріптестері құттықтап, Компания басшылығы атынан арнайы адресат табысталды. Жүк тасымалы кәсіподақ ұйымының төрағасы Ермек Төлегенов те сөз алып, Серік Қоқашұлымен иық тіресе, көп жылдар бірге жұмыс істегендерін, оның жауапкершілігі жоғары, өз ісіне тиянақты, білгір де білікті маман ретінде танылғанын атап өтті. Ол сондай-ақ «су жаңа» зейнеткерге дәстүрлі шапан жабудың орнына қазіргі заман талабына сай ақылды сағат тарту етті. ҚТЖ-ЖТ-ның атқарушы директоры – вагон шаруашылығы департаментінің директоры Қайраткен Нығметов те жылы лебізін жеткізіп, күрделі немесе қиын кезеңде Серік Әбеновтің жедел әрі оңтайлы шешім таба білген басты қасиетін айтып, бұл біліктілік пен білім оның шекпенінен шыққан шәкірттерінің бойынан да табылатынына сенім білдірді.  

Серік Әбенов Целиноград қаласында 1960 жылы 31 шілдеде дүниеге келіп, мектептен кейін туған қаласындағы теміржол техникумына тепловоз шаруашылығы мамандығына оқуға түседі. Еңбек жолын Павлодар локомотив депосында слесарь болып бастапты. Бір жылдан соң Ресейдің Арханьгелск облысында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып, онда да теміржол әскери бөліміне түсіп, алты ай машинистер мектебінде білім алады. Одан әрі «Капустин Яр» ракета полигонында әскери борышын өтейді. Елге оралған соң Целиноград локомотив депосына жұмысқа тұрып, тепловоз, кейін электровоз машинисінің көмекшісі болады. Өз ісінің үздігі болуға талаптанған жас маманның өршіл мақсаты бар еді. Ал оған жету үшін техникумдық білім аздық етері анық. Сондықтан ол практикалық еңбегін жоғары біліммен толықтыру мақсатында Алматы теміржол көлігі инженерлері институтына сырттай оқуға түседі. Жоғары білім алған соң инженер-технолог, Ақмола бөлімшесінде пойыз диспетчері, аға диспетчер, теміржолдың статистика қызметінде ревизор, кейін «Локомотив» АҚ бөлім бастығынан басқарма бастығының орынбасары қызметтерінде, бүгінгі күнге дейін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШСда локомотив шаруашылығын пайдалану департаментінде бас менеджер болды.  

«Мен теміржолда жарты ғасырға жуық уақыт жұмыс істедім. Жиырмаға толмаған жас жігіт болып келіп, енді міне, шашымды ақ шалған ел ағасы болып зейнетке шығып жатырмын. Локомотив шаруашылығының өсіп-өркендеу кезеңдерінің куәгері де болдым. Тәуелсіздік алған кезде бізге кеңестік дәуірден мұра болып қалған ескі-құсқы локомотивтерді керегімізге барынша жөндеп-жасқап, жаратып келдік. Қазір жағдай көш ілгері. Өз еліміздің өндірісінен шығатын жаңа тепловоздар, электровоздармен паркіміз толығып, жаңарып жатыр. Бұл заманауи локомотивтер автоматтандырылған, цифрлық басқарумен жүргізіледі. Локомотив бригадалары үшін барлық қолайлы жағдай жасалған», – деген Серік Қоқашұлы басшылық пен әріптестері тарапынан көрсетіліп жатқан сый-құрметке алғысын білдірді.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды