Түбектің тарлан теміржолшысы құрметті демалысына шықты

ҚТЖ келбеті
16.08.2024, 10:15
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек темір жолында қырық жылға жуық тер төккен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Мұхтар Бақтыгереевті әріптестері зейнеттік демалысқа шығарып салды.

Астанадан арнайы келген «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ – Магистральдық желі дирекциясының Бас инженері Қайырбай Орынбаев Мұхтар Бақтыгереевтің көп жылдық еңбегі мен теміржол саласына қосқан үлесі зор екенін жеткізіп, Дирекция басшылығы атынан Алғыс хатын беріп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. Мұхтар Бақытұлымен талай жыл бірге қызмет еткен әріптестері сөз алып, естеліктерімен бөлісті, тарлан теміржолшының түбек теміржолына сіңірген еңбегін жоғары бағалады.  

Мұхтар Бақтыгереев түбек теміржолындағы еңбек жолын 1984 жылы Батыс Қазақстан темір жолының Маңғышлақ жол дистанциясында жол монтері болып бастаған. Содан бері түрлі еңбек сатысынан өтіп, қарапайым жолшыдан басшылық деңгейге дейін көтерілді. Өзінің білімі мен тәжірибесін Маңғыстаудағы баяғы Р-43 рельсін ауыр салмақты рельске ауыстыру, Ақтау, Құрық порттарының Құрық-Ералы теміржол желісін іске қосу сынды өзекті мәселелерді шешуге жұмсап, қажырлы еңбек еткен жан Маңғыстау бөлімшесін ашу жөніндегі ынталы топтың белді мүшесі болыпты. Өзеннен Болашақ арқылы Түркіменстанға дейін және Бейнеу-Шалқар, Боржақты-Ерсай теміржолын іске қосуда ұйымдастырушылық қабілетімен ерекше көзге түсіп, аталған жобалардың ойдағыдай жүзеге асуына атсалысқан еңбегі арқасында «Адал еңбегі үшін» төсбелгісін тағып, 2016 жылы Құрметті теміржолшы атанған. 2018 жылғы «Үздік басшы» номинациясына ие болды.  

Мұхтар Бақтыгереев барша әріптестері мен жоғары басшылыққа көрсетіліп отырған сый-құрмет үшін шын жүректен алғысын жеткізіп, еңбекте табысты болыңыздар деген тілегін білдірді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды