Ток соғудан қорғанудың тиімді әдісі

ҚТЖ келбеті
22.10.2024, 08:55
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Түркістандағы электрмен жабдықтау бөлімшесінде кезекші болып қызмет ететін Мұрат Әлімжанұлының қолындағы құрылғы УВН деп аталады. Бұл затпен жоғары кернеулі қуат көзін, яғни 10 мың кВт-тық желілерді тексереді екен. Ол жоғары кернеулі желіде токтың бар-жоғын көрсетеді.

Бүгінде Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының Түркістандағы бөлімшесінің ұжымы жүздеген шақырымға созылатын желілерді күтіп-баптау арқылы телімдерді электрмен толыққанды қамтамасыз етіп отыр. Ал Мақсат Бұзаубаев жетекшілік ететін бөлімшеде тәжірибесі толысқан, сайдың тасындай іріктелген сақа мамандар еңбек етеді.  

Соның бірі – дистанция кезекшісі Мұрат Түкібаев. Ол мекемедегі қауіпсіздік қағидасының қатаң сақталуы мен осыған қатысты құрал-жабдықтардың толық болуына және соған сай қызмет көрсетілуіне жауапты екен. Өйткені біз мекемеге келгенде ол өзінің қызметтік міндетімен байланысты құрал-жабдықтарды таныстырып, сол туралы айтып берді. Соның бірі осы біз сөз етіп отырған «сиқырлы таяқша» секілді УВН құрылғысы еді.  

Маманның түсіндіруінше, ақау анықталып, механиктер жөндеуге кіріспес бұрын желі толықтай электр қуатынан ажыратылады. Солай десек те, энергетиктер іске кіріспей тұрып, әлгі желіні бір тексеріп алуға міндетті. Әрине осы сәтте жоғарыда аталған УВН құрылғысы қолданылады. Яғни электр қобдишаларының ішіндегі автоматты құрылғылар мен тұтқалы қосқыштарға немесе үзілген желінің ашық қалған тұсына УВН-ның ұшын тигізу арқылы ол жерде қуат көзінің бар-жоқтығына көз жеткізіледі. Ал аспапты резеңкелі диэлектерлендіру қолғабынсыз қолдануға мүлдем болмайды. Қызығы сол, қолғап екеш қолғаптың өзі бекітілген кестеге сай мұқият тексеріліп тұрады. Ал оны Шымкенттегі электр құралдарының жұмысқа жарамдылық қабілетін анықтайтын арнайы зертханада ғана іске асырады. Жауапты мамандар ерінбей, талмай сол резеңке қолғаптар мен УВН құрылғыларын арқалап апарып, сол зертханалық тексерістен өткізуге міндетті екен. Содан соң ғана оларды қолдануға жарайтын немесе жарамайтыны жөнінде жазбаша қағаз беріледі.  

Сала мамандарының түсіндіруінше, оларды ток соғудан құтқаратын тағы бір тиімді амалдың бірі «заземление» деп аталатын көрінеді (бағана басындағы желінің бір ұшын жерге жалғау әдісі). Осы амалға сүйенетіндер «электрикті бір-ақ рет ток соғады» деп қалжыңдаса керек-ті. Ал бұл әдісті таратып айтар болсақ, ол – оң және теріс зарядты қос желімен қабаттаса жүретін үшінші желі саналатын заземлениенің үнемі қосылып тұруы. Бұл халық арасында кеңінен қолданысқа енгізілмегенімен, темір жолда мұқият сақталып, сапалы орындалуы тиіс міндеттеменің бірі.  

– Біз ақау орнында жұмыс істеп жатқан сәтте кенеттен желінің екінші ұшын жағдайдан бейхабар біреу-міреу кенеттен қуат көзіне қосып жіберуі де мүмкін. Сондай жағдайда жұмысшыны ток соқпайды және осы жерге көму әдісінің нәтижесінде біз аман қаламыз, – дейді Мұрат Әлімжанұлы.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды