Нұрлыбектің алғашқы жеңісі

ҚТЖ келбеті
05.11.2024, 09:26
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы вагон пайдалану депосының вагон қараушы-жөндеушісі Нұрлыбек Әбуов қазан айының алғашқы күндері Сексеуіл станциясына келіп тоқтаған жүк вагонынан жарықшақ ақауды анықтап, апаттың алдын алды.

Ымырт үйіріле бастаған апақ-сапақ уақытта мұндай ақауды анықтау оңай емес еді. Ол вагон қараушының қырағылығы мен тәжірибесін көрсетеді. 2 қазанда кешкілік станцияға тоқтаған №3240 пойызының 93539070 нөмірлі жүк вагонының 14-94233-2004 таңбалы бүйір рамасының екінші арбасының оң жағынан, жүріс бағытында техникалық саңылау ішінен өтетін ось қорабының үстінен анықталған ұзындығы 105 мм жарықшақ жауапты тұлғалардың кеңесінен кейін расталып, вагон жылжымалы құрамнан ажыратылды.  

Жалпы Қазалы вагон пайдалану депосының вагон қараушыларының мұндай ақауды анықтап, пойыздарды кез келген қауіптен аман алып қалуы бірінші рет емес. Депода кіл шеберлер мен тәжірибелі вагоншылар мектебі қалыптасқандықтан ақаулы вагон жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын қырағы вагоншылардың назарынан тыс қалмайды.  

Депоның Сексеуіл техникалық қызмет көрсету пунктінде он жыл вагон қараушы болып жұмыс істейтін Нұрлыбектің бұл анықтап отырған алғашқы ақауы екен. Сексеуіл техникалық қызмет көрсету пунктінің басшысы Қайрат Ысқақов 34 жастағы вагон қараушының жауапкершілігінің арқасында болуы мүмкін апаттың жолы кесілгенін хабарлап, Нұрлыбекті құттықтап қолын қысты. Сексеуіл халқына жақсы таныс машинист Сұраған қарияның ұлы Нұрлыбек кәсібін жақсы көретінін және мақтан тұтатынын жеткізді.  

– Бұл – менің вагоннан тапқан ең бірінші ақауым. Сондықтан оны алғашқы жеңісім деп қабылдадым. Теміржолшының баласы ретінде өзімнің бұл салада тектен-текке жүрмегенімді түсіндім, – дейді вагон қараушы жігіт.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды