Тәуелсіздік құрдастары

ҚТЖ келбеті
13.12.2024, 09:05
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздік жылдары туғандар да қазір отыздан асып барады. Олардың өз ортасында жетістікке жеткендері қаншама. Маңғыстау теміржолында еңбек ететін ерлі-зайыпты Толыбаевтар жанұясы – соның жарқын үлгісі.  

Дәулет пен Салтанат түбек теміржолында қол ұстаса жүріп абыроймен еңбек етіп келеді. Ерлі-зайыптының отбасылық өмірі де келісті, тең құрбыларының арасында сыйлы, ортасына өнеге болып жүрген жастар.  

1992 жылы туған Дәулет Толыбаевты түбек теміржолшылары жақсы біледі, 2022 жылы ҚТЖ компаниясының «100 жас есім» жобасына енген, 2021 жылы жүк пойызын жүрізіп келе жатып үлкен апаттың алдын алып, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» белісімен марапатталған  машинист. Ол Маңғыстау – Сайөтес бөлігінде пойыз жүргізіп келе жатып, №14-15 бекет арасын жаңбыр суы шайып кеткенін алыстан байқайды. Пойызды жедел тоқтатып, диспетчерге оқиғаны баяндайды. Сондай-ақ дереу артта келе жатқан қалған пойыздарға хабарлап, өзге машинистерге де ескертеді. Сондай қырағылықтың арқасында пойыз діттеген жеріне кешігіп жетсе де қауіптің алды алынған еді.  

Ал 1993 жылы дүниеге келген Салтанат түбек теміржолына келген   алғашқы күндерден жайдарманшылар қатарында өнер көрсеткен. Өткен жылы ҚТЖ көлемінде өткен «Менің мамандығым – менің тағдырым» байқауында бақ сынап, жеңімпаздар қатарынан көрініп, үшінші орынды иемденді. Теміржолшылар әулетінен шыққан ару жастайынан саладағы сан түрлі сұрақтың жауабын үйдегі әкесі мен жақын аға-әпкелерінен естіп, мамандыққа ертеден машықтанған. Алматыдағы теміржол академиясын қызыл дипломмен тәмамдап келген жас маманды түбек теміржолы бірден жұмысқа қабылдап, Жаңаөзен станциясында кезекші жанындағы оператор міндетін сеніп тапсырады. Кейін бірінші класты Маңғыстау станциясына ауысып, қазірге дейін сол жерде жүк қабылдап-тапсырушы. Темір жолдағы жастар саясатына араласып, жастар форумдарына қатысып, өзге де тең құрбыларын соған шақырып жүргенде өзінің өмірлік серігін жолықтырды. Жас жұбайлардың жарасымды шаңырағында төрт бүлдіршін өсіп келеді.

Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді