Пойыз құрастырушының бір күні

ҚТЖ келбеті
17.02.2025, 09:42
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ақжайық станциясының пойыз құрастырушысы Әдебиет Ғалымов кезекті ауысымға түсті. Жиырма жылдан бері көзі үйреніп, қолы жаттыққан жұмысы болса да әдетегідей ширақ, жинақы, сақ. Жұмыс уақытында енжарлыққа, босаңсуға жол берген емес, екі шоқып бір қарап, сауатты қимылдамаса, қауіп-қатер аяқ астында екенін жақсы түсінеді.

Міне, маневр жұмысына жегілген машинистпен бірге кезекті құрамды сұрыптауға кірісті. Диспетчердің бұйрығымен жүк вагондары мен цистерналарды ажыратып-қосып, әрі-бері тасымалдап, уақыттың қалай өткенін де білмей қалады. Әне-міне дегенше түскі үзіліс болып, пойыз құрастырушы бізбен тілдесуге аз-кем уақыт тапты.    

– Станцияға күніне 3-4 пойыз келеді, ондағы вагондар құрамы да әртүрлі болады, 60-70, кейде одан көп. Соларды сұрыптап, төрт бағытқа бөлеміз: ДСК, ТЭЦ, Ширина, СМП. Яғни, сұраныс түскен жағына қарай тұйықтарға бөліп қоямыз. Башмақтарды қоюды ұмытпаймыз, онсыз еңбегің еш болар еді. Ал жалпы, жұмысымыз ауысыммен 12 сағаттық. Ойымыз тек жұмыста, қауіпсіз қозғалыста  болады. Темір жол қауіпті аймақ екені белгілі, сондықтан бұл жерде жұмысқа жеңіл-желпі қарауға болмайды, жауапкершілікті сезіне білу керек, – дейді Әдебиет. 

Оның айтуынша, жұмысқа жастар келеді, бірақ қиындығына шыдай алмай, ауырсынып кетіп қалып жататындары да бар екен. Қабылдау комиссиясынан өтіп, жұмысқа бел шешіп келген соң, шыдау керек дейді.

Кейіпкеріміз 1977 жылы Атырау қаласының сол кезде Ақ депо деп аталатын ауылында туған. Ол жылдары сол маңда вагон жөндеу депосы болатын. Жолдың бір жағындағы ауыл Ақ депо, ал екінші жағы Қара депо деп аталған. Сол маңда теміржол мекемелері көп болды, кейін сыртқа қарай көшірілді. Әдебиеттің анасы Жібек апа ПЧ-9 жол дистанциясында жолшы болып жұмыс істеп, қарайтын учаскесі де осы Ақжайық станциясы маңы болатын. Әдебиет теміржол ауылында ғана емес, теміржолшы отбасында өскендіктен бұл салаға бала кезінен «еті үйренгенін» айтады.  

Әкесі Мәдениет мұнайшы-бұрғышы болыпты. Әдебиет те қаладағы №13 мектепті бітірген соң мұнай саласына қатысты химия училищесіне түсіп, оны «технологиялық жабдықтар наладчигі» мамандығы бойынша бітіреді. Бірақ бала кезден темір жолды тоздырып, соның іргесінде ойнап өскен бозбаланы темір жол тарта беретін. Ақыры Атырау жол дистанциясына жол бригадирі Хасанов Мақсоттың бригадасына  жолшы болып жұмысқа тұрады. Сол жерде әбден шыңдалып, жолдың қыр-сырын меңгереді. Үйдегі бес баланың ішінде теміржолшы кәсібін таңдаған апасы Кәмшат екеуі. Ол қазір «Жолаушылар тасымалы» Атырау телімінде оператор болып еңбек етеді.  2004 жылы Әдебиет Ақжайық станциясына пойыз құрастырушы болып ауысып, содан бері табан аудармастан еңбек етіп келеді.    

Станция бастығы Бағытжан Абдрахманов: «Әдебиет еңбекке адал, мамандығына берілген жан. Қандай тапсырманы да мұқият орындайды. Ұжымда беделді. Бірнеше рет станция, бөлімше, кәсіподақ басшыларының Алғыс хатымен марапатталған. 2022 жылдың қаңтарынан кейін теміржолшылардың, соның ішінде пойыз құрстырушының да жалақысы әжептәуір өскен, биыл тағы 7% қосылды. Ұжымдық шартқа сәйкес барлық тиісті әлеуметтік көмектерді алып отыр», – деді. Әдебиет Ғалымов бүгінде бала күтімімен үйде отырған жан-жары Анар екеуі бес бала тәрбилеп отыр. Үлкені студент болса, кейінгілері мектепте, ал кенжесі 1 жасқа толыпты. «Осы балалардың болашағы үшін аянбай еңбек ету – ата-аналық парызымыз. Мен де тағдырымды темір жолмен байланыстырғанымды мақтан тұтамын. Темір жолым өмір жолыма айналды», – дейді ол.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды