Атакәсіпке адалдық: машинист Ерлан Бегимов туралы бір үзік сыр

ҚТЖ келбеті
22.07.2025, 09:15
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Ерлан Бегимов – Түркістан локомотив пайдалану депосының машинист-нұсқаушысы. Теміржолшылар әулетінен шыққан оның бұл салаға келуі кездейсоқ емес. Атасының темірдей тәртіп пен жауапкершілікті ту еткен саланың қызығы мен шыжығы жайлы әңгімесі бала қиялына қанат бітіріп, болашағын айқындап берген еді.

Ерланның бойындағы табандылық қаннан келген бе дерсің?! Өйткені оның атасы Файзулла 39 жыл машинист болған екен. Әкесі Құрбанәлі де осы саладағы 42 жыл еңбек өтілінің 38 жылында машинист болыпты.  

2006 жылы Арыс теміржол колледжін бітіріп, Түркістан локомотив пайдалану депосына машинист көмекшісі болып қабылданған күннен бері Ерлан Құрбанәліұлы осы салада аянбай еңбек етіп келеді. Алғашқы жылдары оңай болмағанымен, аға буын әріптестерінің қолдауы мен бағыт-бағдары, үздіксіз ізденісі мен жаңашылдыққа деген құлшынысы оны кәсіби тұрғыда шыңдай түсті.  

Бүгінде міне аттай 19 жыл Ерлан атакәсіпке адалдық танытып келеді. Оның інісі Бағлан да 17 жылдан бері Түркістан депосында машинист. Ағайынды жігіттер әулет дәстүрін абыроймен жалғастырып келе жатқандарын мақтан тұтады.  

Ерлан Құрбанәліұлы осы жылдар аралығында мол тәжірибе жинап, ысылды. Машинист, машинист-нұсқаушы, депо кезекшісі, жылу жөніндегі инженер-техник, шұғыл техникалық басқару орталығының басшысы сынды қызметтерді атқарды. 2019 жылы ҚТЖ-ның «100 жас есім» бағдарламасы аясында өткен байқаудың бірінші легі бойынша жеңімпаз атанды. Ал 2022 жылы «Ысырапсыз өндіріс» байқауында үздік деп танылды. Көп ұзамай «Даму мектебінде» корпоративті блогер ретінде мойындалып, 2023 жылдан бастап ҚТЖ-ның ішкі тренері болып танылды. Осылайша, үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбектің нәтижесінде кейіпкеріміз түрлі құрмет-қошеметке бөленіп, әрқилы марапатқа ие болған.  

Ерланның түсінігінде жетістік – тек қызметтік өсу ғана емес, кейінгі буын жас мамандарға жол көрсету, бағытбағдар беру деп санайды.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды