Маңғыстау Локомотив депосының машинисі Асылбек Наурызбаев Ел Президентінің қолынан Құрмет орденін алды.

А.Наурызбаев Маңғыстау депосының екінші класты тепловоз машинисті. Еңбек жолын 1990 жылы қарапайым слесарь болып бастаған ол түбектік теміржолшыларға "танкист машинист" деп танылған. Әскери борышын өтеуге аттанып, Ауған соғысының ортасынан бір-ақ шыққан жас жігіт танк батальонында қызмет етіп, танк жүргізген.
1990 жылы слесарь болып екі ай жұмыс істегеннен кейін оның қабілетін байқаған депо басшылығы машинист көмекшісі курсына жіберіп, содан бері тепловозда келе жатыр. Көп өтпей машинист курсын да оқып бітіріп, теміржол тұлпарын тізгіндеген.

