«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде

ҚТЖ келбеті
28.09.2026, 18:16
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Абай еліндегі теміржолшылар биылғы «Еңбек жолы» конкурсына  белсенді түрде қатысты. Жыл сайын өткізілетін осынау дәстүрлі байқауда түрлі аталым бойынша жүлделі орын алып жүргендер аз емес. Ал биылғы жылғы «Үздік еңбек әулеті» номинациясы аягөздік теміржолшылар отбасына бұйырды.  

Жуырда облыс орталығы Семей қаласында «Еңбек жолы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Абай облысы бойынша конкурсқа өтінім қабылдау 21 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіліп, отызға жуық отбасы іріктелген. Конкурстық комиссия шешімімен өңірлік жеңімпаздар анықталып, Аягөз қаласында тұратын, кәсіби теміржолшылар саналатын Байғозовтар әулеті айқын басымдықпен «Үздік еңбек әулеті» номинациясын жеңіп алды.    

Әулеттің теміржол саласындағы жалпы еңбек өтілі 262 жылдан асады екен. Сала ардагері Қажияхмет Байғозов бүгінде әулеттің бастауында тұр. Оның үлгісімен отбасының бірнеше буыны тағдырын  теміржол саласымен байланыстырған. Қазіргі таңда Семей магистральдық желі бөлімшесі мен Алматы ЖТ бөлімшесі филиалында әулеттің төртінші буыны абыройлы еңбек етіп жүр. Екі  немересі Алматы теміржолында династияның даңқты жолын жалғастыруда.

Жалпы, бұл әулеттің теміржолдағы тарихы ғасырға жуық уақыт бұрын Өмірбай Байғозовтан бастау алады. Ол 1930 жылы құрылысы жүріп жатқан Түрксіб теміржолына жұмысқа орналасып, қырық жылдан астам уақытын осы салаға арнаған ардагер. Әкенің еңбек жолын үлкен ұлы Қажияхмет Байғозов жалғастырыпты. Қиыр Шығыста әскери борышын өтеп келгеннен кейін ол да теміржол саласына жұмысқа орналасады. Аягөз өңіріндегі жауапты жұмыста 34 жыл үзіліссіз еңбек ете жүріп, теміржол саласындағы бірнеше мамандықты меңгерді. Станция бастығы болды. Қадірмен ақсақал «Еңбек ардагері», «Тыл еңбеккері» медальдарымен марапатталған. Бүгінде ақсақал – үлкен әулеттің тірегі, кейінгі ұрпаққа еңбекқорлық пен адалдықтың айқын үлгісін көрсетіп отырған ардагер.

Облыс әкімдігінде өткен салтанатты жиын барысында ардагер теміржолшы кейінгі буын жастарға еңбекқорлық пен ел игілігі үшін қызмет ету жайында өсиет айтты.

– Менің Аягөздегі теміржол саласынан зейнетке шыққаныма 35 жыл болды. Әкем теміржолшы еді. Әке жолын жалғап, мен де өмір бойы теміржол саласында еңбек еттім. Алты баламның бесеуі жолымды жалғап, теміржолшы болды. Жастарға айтарым – қандай мамандықты таңдасаңдар да, еңбектерің адал болсын. Адал еңбек қашанда абыройға жеткізеді, – деді Қажияхмет Өмірбайұлы.

Әулет басшысы зайыбы Үмітхан Сембайқызымен бірге облыс әкімінің қолынан Алғыс хат алып, ақшалай-заттай сый-сияпатпен марапатталды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды