550 жылдық еңбек өтілі бар әулеттің ұрпағы алдыңғы шепте

ҚТЖ келбеті
03.08.2021, 14:13
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ 100 жаңа есім» жобасының қатысушысы Маржан Садықова – теміржолшы әулетінің үшінші буыны. Садықовтар отбасының теміржол саласындағы еңбек өтілі 550 жылды құрайды екен. «Менің атам биыл ақпан айында 98 жастан асқанда дүниеден озды. Ұлы Отан соғысының ардагері, көп балалы әке, темір жол саласына 48 жыл ғұмырын арнаған адам еді. Еңбек жолын қарапайым электромеханик болып бастап, станция бастығы қызметіне дейін көтерілді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен екі рет марапатталды. 8 бала тәрбиелеп, көзі тірісінде 25 немере, 45 шөбере, 2 шөпшек сүйді. Әкем Мұратхан көп жыл диспетчерлік байланыс инженері, электромеханик болып қызмет етсе, анам Гүлжан Үштөбе сигнализация және байланыс дистанциясында электромеханик болды. 2019 жылы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды», – дейді ол. Маржанның 2011 жылы Алматыдағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Халықаралық құқық» мамандығының 3 курсын оқып жүріп, практикалық жұмысын «Вокзал-сервис» АҚ-да өткізіпті. Тәжірибе жұмысынан соң студент қызға филиал басшысынан заң бөлімінің 1 санаттағы инженері қызметіне ұсыныс түсіп, теміржолшы кәсібі қанында бар ол жұмысқа тұрып, аз уақыт аралығында заң бөлімінің жетекші инженері қызметін меңгеріпті.

«2012 жылдан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Оңтүстік» аймақтық филиалында 1 санаттағы техникпін. Қызметім топтық жол жүру құжаттарын рәсімдеу, жолаушылар пойыздарының кешігуін, жаңа кестесін енгізу, алдын ала жолаушыларға жол жүру құжатын ашу. Ендігі мақсатым – теміржол саласы бойынша жоғары білім алып, өз ісімде үздік маман болу», – дейді кейіпкеріміз.

Маржан Садықова «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жас мамандардың қызметтік сатыда өсуіне, жан-жақты ашылуына, білім көкжиегін кеңейтуге, креативті ойларын ортаға салуға, өздерін жан-жақты дамытуға мол мүмкіндіктер жасап жатқанын, игі шаралар корпоративтік құндылықтың жарқын көрінісі екенін айтады. Белсенді жас Компанияның жастар саясаты шеңберінде жүзеге асырып жатқан шараларының бел ортасынан табылады. 2013 жылы – «Жобамен жұмыс», 2014 жылы – «Жұмысшыларды жұмыстан шығару барысындағы минимизациялық қауіп-қатер» семинар-тренингтеріне қатысып, «Болашақ менеджер» курсын да тәмамдаған. Ал биыл «Жүз жаңа есім» жобасына қатысып отыр. Маржанның арманы көп. Ең басты арманы – теміржолшы әулетінің абыройын асқақтатып, атасы салып, әкесі жалғастырған теміржолшы кәсібіне адал болып, саланың дамуына өз үлесін қосу.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды