Маңғыстау темір жолында қауіпсіздікті нығайту мәселесі талқыланды

Қауіпсіздік
17.01.2023, 10:35
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қауіпсіздік деңгейін нығайту мақсатында Маңғыстау темір жолында бірқатар сала өкілдері басын қосқан дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасының темір жолында қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыру бойынша 2022- 2024 жылдарға арналған Жол картасының тармақтарын орындау бағытында ұйымдастырылған жиынға теміржол кәсіпорындары мен желілік полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен аудандағы басқа да мекемелердің басшылары қатысты.  

Басқосу барысында қатысушылар Жол картасының тармақтарын орындау бойынша өзара іс-қимылдар ұйымдастыру жөнінде кеңесті. 2023 жылға арналған жоспарлар талқыланып, теміржолда қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейту мақсатында мал-жанның жолға шығып кетуіне тосқауыл болатын қоршауларды жөндеу және жаңадан салу жұмыстары пысықталды.  

Сонымен қатар көлік объектілерінде, яғни станциялар мен бекеттерде, жолаушылар пойыздарының вагондары мен вагон-мейрамханаларда және локомотивтерде бейнебақылау құрылғыларын орнату қажеттігі көтерілді.  

Аталған бағыттағы жиын өткен жылдың соңғы тоқсанында да өткізіліп, бейнебақылау құрылғыларын орнату осы жылға межеленген болатын. Бүгінгі басқосуда осы мәселеге орай жұмыстар наурыз айында басталатыны белгілі болды. Теміржол бойындағы қоршауларды жаңарту, жаңасын салу бойынша біраз жұмыстар осы тоқсанға жоспарланыпты. Өйткені жиында Бейнеуден Болашақ станциясына дейін 515 шақырым қоршалмаған жол бойы қауіпсіздікке үлкен қауіп-қатер туғызып отырғаны, әсіресе мал басу оқиғалары көп орын алатыны өткір сөз болды. Бұл тұрғыда Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры М.Бақтыгереев түсінік беріп, мән-жайды баяндады. Сонымен қатар Маңғыстау теміржол вокзалына қарасты ана мен бала бөлмесінің қолжетімсіз орында орналасқанына қатысты да сұрақтар көтерілді.  

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады