Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігінің ғимаратында теміржол өткелдерінің жұмысына қатысты кеңейтілген жиын өтті.
Жиынға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының өкілдері және тиісті мекемелердің мамандары қатысты. Кездесу барысында теміржол өткелдерінің жұмыс кестесі, пойыздардың қозғалыс жиілігі, автокөлік кептелістерінің туындау себептері және көлік қозғалысын реттеуге қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді бірлесіп зерделеу және тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүргізу қажеттігі атап өтілді.