Шымкентте қауіпсіздік мәселесіне арналған семинар өтті

Қауіпсіздік
20.06.2023, 10:25
Суретті түсірген автор

Өткен аптада Шымкент магистральдық желі бөлімшесінде «Қауіпсіздік – бұл ақылдың саналы жағдайы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Оған бөлімшеге қарасты барлық мекемелердің бас инженерлері мен қауіпсіздік ревизорлары және еңбек қорғау мамандары қатысты.

Иә, теміржол қашанда қауіпті аймақ, санамен сараласақ біздің бүгінгі қоғамда теміржолсыз өмір жоқ, теміржол – қатынас құралы, теміржол – сауда мен экономиканың бастауы, бизнес жолы, теміржол – ақпарат пен байланыс құралы, теміржол сонымен қатар қауіп пен қатердің де ұясы екені жасырын емес... Семинар-кеңесте қазыналы адам өмірінің құны мен жұмыс барысындағы салғырттың сыры сөз болып, қауіпті аймақта титтей қателіктің үлкен зардабы болатынын түрлі мысалдар арқылы сөз болды. Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Мұхтарбай Битемиров желілік мекемелердегі 2022-2023 жылдарға арналған қауіпсіздік пен еңбек қорғау жағдайы туралы баяндама жасап, орын алған әрбір инцидентке арнайы тоқталып, баға беріп өтуді ұмытпады.  

Семинарға теміржолмен тікелей байланыс орнатып отырған сала – «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің аймақтық басқармасы басшысы Мұхит Төлендіұлы мен Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы Серік Алиманов арнайы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті, жұмыс барысында кадрлардың жеке бас қауіпсіздігі, салалық филиалдарының жұмысын үйлестіру туралы сөз қозғады, сонымен қатар қонақтар ҚТЖ – өндіріс саласындағы жұмысы ауыр да қауіпті сала екенін тілге тиек етті. Сондықтан қауіпсіздік – тәулік бойы қозғалыстағы сала үшін аса маңызды фактор екенін жеткізді.  

Шара барысында техникалық кітапхана «Қауіпсіз еңбек – әр адамның құқығы» тақырыбында арнайы көрме ұйымдастырып, салаға қажетті заңнамалар мен кітаптарды теміржолшыларға таныстырды.

Сонымен қатар желілік мекемелерден келген мамандар өз салалары бойынша мазмұнды баяндамалар жасап, жаппай талқылау болды. Арыс жол дистанциясының жетекші инженері Ербол Ешмахамбетов «Желілік кәсіпорындағы өндірістік жарақаттардың себебі» тақырыбындағы баяндамасы жұмыстың қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы мен кәсіпорын басшыларының міндеттемесін қаузады. Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің өнеркәсіптік қауіпсіздік, электр қауіпсіздігі және экология бойынша қызмет көрсету секторының бастығы Ерлан Серперов «Қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастырудағы салалық еңбекті қорғау инженерінің рөлі» тақырыбында қызықты баяндама жасады. Ал Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясының жетекші инженері Эльвира Бажибаева «Теміржолшылардың кабинеттерін, еңбекті қорғау бұрыштарын жабдықтау, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту» тақырыбында, Арыс магистральдық-техникалық базасының бастығы Әзімбек Ақтөреев «Теміржолшылардың формасы мен қауіпсіздік аяқ киімдерін және жұмысқа қажетті тауарларын сапалы қабылдау. Техникалық талаптар мен шарттардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігі» тақырыбын сөз етті. Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының бас инженері Мейіржан Жаңабаев «ҚТЖ мердігерлерімен жұмыстарды орындаудағы қауіпсіздікті басқару» тақырыбында, Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының жетекші инженері Айнұр Есмұратова «2023 жылдың 5 айы бойынша Шымкент қаласының НЖС9 бөлімшелеріндегі экшн-камераларына түсірілген жұмысқа рұқсат беру бойынша атқарылған жұмыстарды қарау нәтижелеріне талдау жасау» тақырыбында, Арыс жол дистанциясының өндірістік қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері Олжас Баелов «Магистральдық желі кәсіпорындарының өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында талдау-талқылау баяндамалары жасалып, қатысушылар пікір алмасып, семинар соңында басшылыққа арнайы ұсыным хаттамасы жасалды.  

Іс-шараға ҚТЖ қызметкерлеріне қызмет көрсететін «Медикер-Ассистанс» ЖШС өкілі Майя Валиева арнайы қатысып, 2023 жылға арналған медициналық сақтандыру бағдарламасымен таныстырды, медициналық ұйым тарапынан теміржолшыларға жасалып жатқан жұмыстар бойынша қатысушылар сұрағына жауап берді.  

Ал семинардың екінші бөлігі практикалық жұмыстар бойынша өндірісте жалғасты. Қатысушылар ПЧ-53 – Шымкент жол дистанциясында, ЭЧ-24 – Электрмен қамтамасыз ету дистанциясында, ШЧ37 – Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясында, ВП-39 Қалпына келтіру пойызы мен Шымкент вокзалында болып, өзара тәжірибе алмасты.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда