Бейнеу станциясында шұғыл тежеу 8 рет қолданылған

Қауіпсіздік
12.07.2023, 13:57
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бейнеу станциясында теміржол көлігі обьектілерінде адамдардың жарақаттануының және құқықбұзушылықтардың алдын алуға арналған жиын өтті. Кездесуге станция қызметкерлерімен қатар барлық теміржол бөлімшелерінің өкілдері, желілік полицейлер және әскери күзетшілер де қатысты.  

Бейнеу станциясының бастығы  Есет Хайруллин мен Бейнеу ст. ЖПб бастығы полиция майоры Насыр Дербісалиев көліктегі полиция департаменті мен «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның 2022-2023 жылдарға арналған темір жолдағы мүліктің қауіпсіздігі мен сақталуы деңгейін арттыру жөніндегі Жол картасы жобасын іске асыру барысына тоқталды. Екі тарап пойыздар қозғалысы мен қауіпсіздігін жақсарту,  темір жол көлігіндегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді талқылады. Сонымен қатар темір жолдар арқылы өту, сондай-ақ темір жол маңында мал жаю ережелерін бұзушыларға жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді. Мамандардың айтуынша, төтенше жағдайлар мен қайғылы оқиғалар көбіне бейқамдықтан, заң талаптарын біле бермейтіндіктен туындайды.  

– Бейнеу станциясының желілік тәртіп сақшыларының қызмет көрсету аумағы – 643 км құрайды. Сол аумақта жыл басынан бері локомотивтер мал қағу бойынша 8 рет оқыс тежеу берген. Соның төртеуі бойынша мал иелері анықталып, айыппұл салынды. Қалғаны белгісіз. Аса ауыр қылмыстар тіркелген жоқ, дегенмен қауіп-қатер аяқ астында екенін тағы ескертеміз. Ос аралықта заң бұзған жалпы азаматтар бойынша әкімшілік жауапкершілік арқалағандар аз емес.  Ішімдік ішіп, теміржолды белгіленбеген жерден немесе пойыз астынан өтіп, қоқыс тастағаны үшін және басқа да тәртіп бұзушылықтар бойынша 287 адам жауапқа тартылды, – дейді Н.Дербісалиев.  

Станция бастығы  Есет Хайруллин теміржолда жүріп-тұру ережелерін еске  салып,  профилактикалық ақпараттармен бөлісіп отырудың өзектілігіне тоқталды. Мұндай жағдайда жауапкершілік деңгейі, сонымен қатар теміржол бойында санитарлық тазалықты сақтау нормаларын сөз етті.    

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды