Қауіпсіздік айлығы: Астана вагон пайдалану депосында төрт айда 36524 пойыз қаралды

Қауіпсіздік
16.04.2024, 12:05
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бойынша барлық вагон пайдалану деполарында былтырғы 15 қараша мен биылғы 15 наурыз аралығында «Бүйір рамасын бақылау» төрт айлығы өтті. Іс-шараның қорытындысы сәуірде шығарылып, бүйір рамасынан ақау тапқан теміржолшылар арнайы марапаттарға ұсынылды.  

Төрт айлық аясында еліміздегі барлық вагон деполарындағы техникалық қызмет көрсету және бақылау қосындарының ауысымдарында вагон арбасының ақауларын анықтау бойынша техникалық сабақтар өткізілді. Пойыздарға техникалық қызмет көрсету және вагондарға жүк тиеу, түсіру барысында бүйір рамаларының букстық ойықтарына, дәнекерленген бөлшектердің жағдайына ерекше назар аударылып, олардан кемшілік анықталған жағдайда ВУ-23 формасы толтырылып, вагондар ағымдағы жөндеуге ағытылды. Барлық атқарылған жұмыстар туралы есептер он күн сайын өндірістік бөлімге тапсырылып отырды.

Қауіпсіздік айлығына атсалысқан Астана вагон пайдалану депосында төрт айда 36524 пойыз қаралып, оның ішінде 41 жүк вагоны ақау табылуына байланысты ағымдағы жөндеуге ағытылған. Бұл вагондардың алтауы – Қазақстанның, қалғандары – ТМД аумағынан келген вагондар. Депоның бірінші санаттағы инженер технологы Абылай Қысқаштың айтуынша, айлық аяқталған соң қорытындысы шығарылып, вагон қараушыларды ынталандыру мақсатында ақау тапқан жұмысшылар ақшалай сыйақыға ұсынылып, аса күрделі де қауіпті ақауды анықтаған вагоншылар «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төс белгісіне ұсынылуда. Мұндай іс-шаралар ҚТЖ бойынша барлық вагон пайдалану деполарында өткізіліп, тиісті нәтижелер шығарылуда. Марапат алған үздік вагон қараушылар тамыз айында өтетін Теміржолшылардың төл мерекесінде ұлықталатын болады.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады