Бейнеу станциясында жұмысшы пойызынан «маймыл шешегі» анықталды

Қауіпсіздік
04.10.2024, 10:57
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Бейнеу станциясында жұмысшы пойызынан маймыл шешегі анықталды. Әрі қарай мамандар қалай әрекет етті, нендей шаралар қабылдады? Оның бәрі станцияда өткен оқу-жаттығу барысында мәлім болды.

Оқу-жаттығу жұмысына станциядағы қажетті құрылымдардың өкілдері түгел қатысты. Жаттығу жұмысының мақсаты жұқпалы ауруға күдікті науқас анықталған кезде шұғыл алдын алу және эпидемияға қарсы іс шараларды ұйымдастыру алгоритмін пысықтауға негізделген. Ауруды таратпау, жедел жәрдем көрсету жолдары пысықталды.  

– Бейнеу санитариялық-карантиндік бөлімінің мамандары Маңғыстау бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен бірігіп көлік құралында инфекцияны оқшаулау және ҚР аумағында таралуына жол бермеу жөніндегі оқу-жаттығу жұмысын өткізіп отырмыз. Оған мүдделі қызметтер, Бейнеу станциясындағы теміржол мекемелерінің қызметкерлері, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары, шекара, кеден қызметтері, ішкі істер органдарының, медициналық мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Алдын алу жұмысы барысында қатысушы мамандар маймыл шешегі анықталған жағдайда алгоритм бойынша іс-әрекеттерін және үйлесімді әрекет етуге дайындығын көрсетті. Жаман айтпай жақсы жоқ, мұндай ауру кездесе қалған жағдайда жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Соған сай әрекет ету шараларын пысықтау өте қажет, – дейді Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ағзия Темірқасова.

Маймыл шешегі – қауіпті ауру. Ол маймыл шешегі вирусынан туындайтын зооноздық жұқпалы ауру. Инфекцияның таралу көзі – ауру маймылдар мен ауру жұқтырған адамдар. Берілу жолдары: әсіресе науқастың бөртпелері мен биологиялық сұйықтықтары, яғни жара қабыршағы, сілекейі. Тұрмыстық жағдайда ауру жұқтырған адамның төсек-орны, сүлгілері немесе жеке заттары арқылы және жыныстық жолмен беріледі.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады