Түркістанда өртке қарсы оқу-жаттығу өтті

Қауіпсіздік
18.11.2024, 10:53
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Түркістанда азаматтық қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті нығайту мақсатында өзара мүдделес мекемелердің бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтті.

Станция аумағында ұйымдастырылған шараға «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Түркістан филиалының Түркістан станциясындағы атқыштар командасы қатысты. Сонымен қатар қала әкімінің арнайы өкіміне сай бұл жиынға Түркістан станциясындағы №29 өрт сөндіру пойызының жасағы мен жергілікті полиция өкілдері де жұмылдырылды.

Өрт-техникалық оқу-жаттығу сценарийі бойынша жылжымалы құрамдағы цистерна-вагоннан қауіпті жүк аммиактың төгілуі орын алды. Дереу дабыл қағылып, құрылымдық сала мамандары оқиға орнына шұғыл жетті. Талапқа сай әрекет еткен олар ең алдымен қауіпті жүгі бар вагон-цистерны құрамнан ажыратып, оңаша жолға қойды. Күзет қызметінің сарбаздары аумақты қоршауға алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

– Біздің команданың ерікті топ күзетшілері өздеріне тиесілі міндетті мінсіз атқарып, шеберліктерін шыңдады. Бұл жерде өзгенің өмірін сақтау мен мүлікті күзетуде қызметкерлердің өз қауіпсіздігіне қатысты қағидалар пысықталғанын атап өткен жөн, оқу-жаттығудың өзі шеберлікті шыңдау, бүгінгі шараға қатысқан құрылымдар төтенше жағдай орын алған жағдайда оған төтеп беретін дағды қалыптастыратын болады, – дейді Түркістан станциясындағы атқыштар командасы бастығының орынбасары Талғат Айтбеков.

Команда бастығы Әділхан Мұсаев оқу-жаттығу барысында әрбір  қатысушылардың төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттері өзара үйлесім тауып, практикалық тәжірибелерін толықтыратынына сенімді.

 

 

 

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады