Кәсіби қырағылық: вагон қараушы пойыз қозғалысын қауіптен қорғады

Қауіпсіздік
22.08.2025, 08:33
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда өңіріндегі Қазалы вагон пайдалану депосының вагон қараушы-жөндеушісі Құрманбек Асқаров кәсіби шеберлігінің арқасында ақаулы вагонды уақытылы анықтап, жүк пойызының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

2025 жылдың 7 шілдесінде Қазалы бағытынан келе жатқан №20 634 жүк пойызы Қызылорда станциясындағы Қазалы вагон пайдалану депосына қарасты техникалық қызмет көрсету пунктіне (ПТО) жоспарлы тексеруден өту үшін келіп тоқтаған болатын. Осы кезде вагон қараушы-жөндеуші Құрманбек Жақсыбайұлы да жүктелген кәсіби міндетін атқаруға дереу кірісті. Ол бұл процесті барлық регламентке сай, визуалды және акустикалық бақылау әдістерін, өлшеу құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырды. Оның вагон қарау кезінде қолданған негізгі әдістері: дөңгелек жұптардың көлденең және бойлық саңылауларын тексеру, буксалық тораптардағы май ағып кетуін бақылау, тежегіш құрылғылардың, серіппе аспалары мен амортизациялық элементтердің техникалық жай-күйін бағалау, сондай-ақ бұрандалық және қосалқы бекіткіштердің тартылуын тексеру болды.  

Ақаулы вагонды кәнігі вагоншы көзден қалт жібермей бірден анықтайды. Бұл жолы да солай болды. Пойыз вагондарын қызметтік тексеру барысында Құрманбек жүк вагонының оң жақ дөңгелек жұбында торцтық М110 гайкасының босап кеткенін және оның себепшісі болып М12 бекітпе болттың үзіліп, стопорлық планканың орнының өзгеріп қалғанын анықтады. Бұл ақау вагонның жүріс бөлігінің қалыпты жағдайына айтарлықтай қатер төндіретін еді. Табылған ақау жайлы Құрманбек Асқаров дереу ауысым басшысы Бауыржан Күнгібаев пен вагон шебері Мейрамбек Байсағұловқа хабар беріп, қозғалыс қауіпсіздігіне төнген қауіптің алдын алды. Өз кезегінде, ВЧД-6 оператор-менеджері Дана Молдашева форма ГУ-24 негізінде ақаулы вагонды ТОР тәртібімен құрамнан шығару және маневрлік аумаққа алып кету туралы пәрмен берді.  

– Бұл – Құрманбектің анықтап отырған төртінші күрделі ақауы. Ол өзінің кәсіби міндетін орындап қана қоймай, техникалық қырағылығы мен салаға деген адалдығын ісімен дәлелдеп отыр. Қарапайым визуалды бақылаудан бөлек, ол акустикалық әдісті де тиімді пайдаланып, вагонның жүріс бөлігіне тән емес дыбыстарға ерекше мән беріп, болт пен гайка байланысының бұзылғанын уақытылы аңғарды, – дейді вагон шебері Мейрамбек Байсағұлов.  

Жиырма жыл тәжірибесі бар Құрманбектен күрделі ақауларды уақытылы анықтай білудің сыры неде деген сұраққа:  

«Вагон қараушы-жөндеушінің кәсіби дайындығы жан-жақты болу керек деп білемін. Оның ішінде теміржол вагондарының техникалық құрылымын жетік білуі, яғни бұрандалы қосылыстардың тартылу үдерісін тексеру, дөңгелек жұп пен букса тораптарының майлау жүйесін бақылау сияқты тағысын тағы дүниелерді білуі шарт. Ол үшін техникалық сабақтарға үнемі қатысып отыру керек. Бұл сабақтардың берері көп. Кейде адам білетін нәрсесін ұмытып қалып жатады. Сондықтан үнемі білім көкжиегін жетілдіріп, біліктілігін арттырып отырғаны абзал, – дейді вагон қараушы Құрманбек Жақсыбайұлы.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды