Жіңішке станциясында қауіпсіздік айлығы өтті

Қауіпсіздік
03.10.2025, 10:42
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол – қауіптілігі жоғары аймақ. Жыл басынан бері ел аумағындағы станцияларда 45 оқиға тіркеліп, жолды кесіп өтпек болған 26 адам қаза тапты, 21 адам түрлі жарақат алды. Олардың арасында балалар да бар...

Осыған байланысты 1–30 қыркүйек аралығында «Шара қолдан – өміріңді сақта» атты қауіпсіздік айлығы өткізілді. Айлықтың басты мақсаты – адамдардың, әсіресе балалардың теміржол бойына шығып, өмірлеріне қауіп төндірудің алдын алу.  

Жіңішке станциясының инженер-технологі Гүлжазира Жүсіпованың айтуынша, айлық барысында мектептерде түсіндіру сабақтары өтіп, бейнероликтер көрсетілген. Теміржолшылар мен полиция қызметкерлері бірлесіп рейд жүргізіп, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қоршаулар тексеріліп, қауіпсіздік белгілерін жаңарту шаралары қолға алынған.  

Мамандардың айтуынша, теміржолдағы жазатайым оқиғалардың негізгі себебі – қауіпсіздік ережелерін білмеу және немқұрайлық. Жаяу жүргіншілер көпірлерін пайдаланбау, құлаққаппен жүру, ішімдік ішкендердің жолдан өту т.т. факторлар адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.  

Өкінішке қарай, мұндай салғырттық кейде орны толмас қайғыға әкеліп жатады. Мәселен, өткен жылдың тамыз айында Ақтөбе станциясында жас әйел баласымен бірге пойыз астына түсіп, екеуі де көз жұмды.  

Теміржолшылар тұрғындарды жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Балаларға теміржолдың қауіпті екенін түсіндіріп, оларды қараусыз қалдырмау – ата-аналардың басты міндеті.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды