Шымкентте «Темір жол – қауіпті аймақ» акциясы өтуде

Қауіпсіздік
11.11.2025, 09:39
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Шымкент станциясы атқыштар командасы «Темір жол – қауіпті аймақ» тақырыбы аясында профилактикалық іс-шаралар легін ұйымдастыруда.

Теміржол инфрақұрылымындағы тасымалдау процесінің қауіпсіздігін және тасымалдағы жүктердің сақталуын күшейтуге бағытталған айлық қазанның 14-нен қарашаның 14-не дейін жалғасады. Жуырда Шымкент станциясы атқыштар командасы бастығының орынбасары Ербол Жұмалиев Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясында кездесу ұйымдастырды. Басқосуға Шымкент көлік полициясы басқармасының полиция майоры Шарипа Сыздықова да қатысып, теміржол аймақтарындағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне тоқталды.  

Іс-шара барысында қатысушыларға «Темір жол – қауіпті аймақ», «Теміржол өткелдерінен өту ережелері», «Көліктегі қауіпсіздік» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар теміржол бойында мал жаюға тыйым салу, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау және пойыз қозғалысына кедергі келтіретін жағдайлардың алдын алу қажеттігі еске салынды.  

Ербол Жұмалиев өз сөзінде жазатайым оқиғалардың алдын алу, пойыздардың шұғыл тежелуін болдырмау және жануарлардан темір жолды қорғау мақсатында қоршау орнату жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ бұл бағыттағы іс-шараларда жергілікті тұрғындармен тығыз байланыста болудың тиімділігіне назар аударды.  

Бұдан бөлек, кездесу барысында азаматтар арасында қару-жарақ пен оқ-дәрілердің, жарылғыш және суық қарулардың заңсыз айналымына жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

Теміржолшылар мен құқық қорғау органдарының өкілдері атап өткендей, темір жолдағы қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы