Айыппұлмен шектелу жеткіліксіз

Қауіпсіздік
02.12.2025, 09:01
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылын қақ жарып өтетін темір жолдың екі бетінде бүгінде 25 мыңға жуық халық тұрады. Тұрғыны тығыз орналасқан аймақта түрлі мәселенің туындауы заңды. Соның бірі – тұрғындардың темір жолды бей-берекет кесіп өтіп, кез келген жерден мал айдау және жол маңындағы санитарлық тазалықты сақтау болып отыр.

Станция бастығы Қуаныш Табеевтің айтуынша, қолданыстағы заңда белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өткендерге алдымен ескерту беріледі немесе 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Ал малын темір жол үстімен айдап өткізгендерге бірден 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.  

– Біз өз тарапымыздан түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Ал ресми ескерту беру не айыппұл салу үшін құқық қорғау органдарымен бірлесіп әрекет етуіміз қажет, – дейді станция бастығы.  

Сонымен қатар осы күндері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында станция паркінде орнатылған дауысзорайтқыштар арқылы әр үш сағат сайын арнайы дайындалған қазақ және орыс тіліндегі қауіпсіздік хабарламалары берілуде. Аудиожазбаны жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып Манкент теміржолшыларының өздері дайындап шығыпты. Хабарландыру темір жолды белгіленбеген тұстан өтудің қауіпті екенін түсіндіруде тиімді әдіске айналғанымен, оған құлақ асатын да, аспайтын да адам аз емес.  

Қазіргі таңда Манкент станциясы маңында тәртіпті бақылауға құқық қорғау органынан бір ғана полицей бекітілген. Алайда халық тығыз орналасқандықтан бұл жеткіліксіз болып отыр. Түнгі уақытта вокзал жанындағы көпірге шығып, ән салып, шу шығаратын жастар аз емес көрінеді. Мұндайда полиция өкілі ғана тәртіп орната алады. Осыған байланысты станция бастығы тиісті орындарға жергілікті полиция бөліміне қосымша штат бөлу жөнінде ресми хат жолдаған.  

Сондай-ақ Манкент маңында түнді қойып, күндіздің өзінде де туындайтын мәселелер шығып жатыр. Мал бордақылаумен айналысатын кей кәсіпкерлер малдың тезегін темір жол жанындағы бос жерге жинайды екен. Бұл санитарлық талаптарға ғана емес, темір жол қауіпсіздігіне де зиян.  

Станция қызметкерлері үй-үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мәжбүр. Талап етуге құзыреті болмағандықтан полициямен бірігіп рейд ұйымдастыру қалыпты жұмысқа айналған. Осылайша, кәсіпкерлерді санитарлық талаптарды сақтауға үндеп, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды тәртіпке шақыруда. Станция бастығы тәртіп пен талапты бұзғандарға тек айыппұл салу жеткіліксіз, қатаңдау шарасын қарастырған жөн дейді. Сонымен қатар теміржолшылардың құзыретін кеңейту де артық болмайды. Ал әзірше теміржол бойындағы тазалықты бақылау үшін станция қызметкерлері арнайы кесте түзіп, апта сайын сенбілік өткізуге мәжбүр.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы