Мақсат – қауіпсіздік мәдениетін арттыру

Қауіпсіздік
05.12.2025, 09:15
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкентте «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның VII өндірістік қауіпсіздік форумы өтті. «Еңбекті қорғауды бизнес-процестерге интеграциялау» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниялары мен серіктес ұйымдары, Samruk Business Academy мен Компанияның әр деңгейдегі қызметкерлері және өңірдегі теміржол мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Форумда еңбек қауіпсіздігін басқару тетіктерін жетілдіру, тәуекелді бақылау, корпоративтік стандарттарды енгізу мәселелері қызу талқыланды. Атап айтқанда, DB Engineering & Consul компаниясының кеңесшісі Еркін Жусанбаев «Заманауи қауіпсіздікті басқару жүйелері» (SMS)» тақырыбында баяндама жасаса, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтына қарасты Кәсіптік тәуекелдерді бағалау орталығының жетекшісі Жанат Есбенбетова «Еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру» жайында сөз қозғады. Сол сияқты Шымкент қаласы Еңбек департаментінің мемлекеттік инспекторы Серік Алиманов жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде арнайы баяндама жасады.  

Ал салаға жетекшілік ететін Ұлттық компания тарапынан цифрландыру дәуірінде адами әлеуетті басқару бағытындағы қауіпсіздіктің жаңа үлгілері жөнінде ҚТЖ-ның Адами ресурстарды басқару департаментінің HR-серіктесі Алма Сәулебаева мен «Магистральдық желіні басқаруда еңбекті қорғауды интеграциялау: стратегиядан тәжірибеге» тақырыбында Магистральдық желі дирекциясының бас инженері Қайырбай Орынбаевтың баяндамасы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.  

Жалпы, күн тәртібінде бекітілген панельдік сессияларда өндірістік қауіпсіздік мәдениетін арттыру жолдары сараланды. Сонымен бірге басқосуда ұзақ уақыт бойы жарақаттанусыз жұмыс істеп, жоғары кәсібилік деңгейін көрсеткен кәсіпорын жетекшілері мен қызметкерлері марапатталды және оларға сенім сертификаттары тапсырылды. Сондай-ақ шара аясында нөлдік жарақаттану деңгейін 30 жылдан бері сақтап келе жатқан ұйымдардың тәжірибесі таныстырылып, үлгі ретінде осы тақырыптағы бейнероликтер көпшілік назарына ұсынылды.  

Тағы бір айта кетерлік жайт, форум қорытындысында еңбек қауіпсіздігін компанияның барлық бизнес-процестеріне кешенді енгізу бойынша нақты ұсыныстар да әзірленді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ендігі жерде форумда айтылған қауіпсіздік талаптары өндірістік жоспарлау мен басқарушылық шешімдердің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.

 

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді