Алғашқы көмек маңызды

Қауіпсіздік
15.01.2026, 10:32
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Шымкентте азаматтық қорғаныс саласына арналған семинар-сабақ өтті. Шараның мақсаты – теміржол ұжымдары арасында азаматтық қорғанысқа деген жауапкершілік пен түсінікті күшейту.

Семинарды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының Азаматтық қорғаныс жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бөлімі мен Магистральдық желі бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырды.  

Басқосуға станциялар мен өндірістік бөлімшелердің қызметкерлері, бас инженерлер, азаматтық қорғанысқа жауапты мамандар қатысып, жалпы саны 50-ге жуық адам қамтылды. Теориялық бөлімде Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің жедел құтқару жасағы мен медицина мамандары азаматтық қорғаныс ұғымы, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер, алғашқы медициналық көмектің негізгі тәсілдері жөнінде дәріс оқыды. Ал практикалық бөлімде жүрек-өкпе реанимациясын жасау, қан кетуді тоқтату мен жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсету жолдары көрсетілді.

Мамандардың айтуынша, алғашқы медициналық көмекті дер кезінде және дұрыс көрсету адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқарады.  

– Сондықтан да мұндай оқу-жаттығу сабақтарын ірі өндірістік бөлімшелерде тұрақты өткізу арқылы сала мамандарының біліктілігін шыңдай түсеміз деген сенімдеміз, – дейді бөлімшенің жетекші инженері Әлия Ахметова.

Осылайша, семинар аясында қатысушылар азаматтық қорғаныс пен алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгеру – әр қызметкердің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті екеніне назар аударды.

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды